ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде

15 Наурыз 2022, 06:29
1262
Бөлісу:
ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Бородулиха ауданы Новопокровка ауылында үйлерді қарғын су баспас үшін 1 млн 400 мың теңге бөлінді. Нәтижесінде, Жура өзенінің арнасын тереңдету және «Новопопровка-Петропавловка» тасжолындағы көпірден бастап Әуезов атындағы орта мектепке дейінгі аралықтағы жағалауда топырақ үйіндісі орнатылды. Мұнда 39 үйді су басу қаупі бар. 

Ауылда шамамен 60 жыл тұратын Анатолий Романовтың айтуынша, биыл жасалған үйінді Гагарин мен Береговая көшелерімен судың өтуіне мүмкіндік бермейді. Ал қазылған ор ауылдың батыс бөлігінің тұрғындарын қорғайды.

Өзгелердің жаңалығы