Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуро-2022 іріктеу аясында Польшамен кездеседі

15 Наурыз 2022, 16:12
1219
Бөлісу:
Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуро-2022 іріктеу аясында Польшамен кездеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуро-2022 іріктеу турнирі аясында ойынды бастайды, деп хабарлады Olympic.kz.

Іріктеу ойындары Финляндияда 15-18 наурыз аралығында өтеді. Финалдық тартыс 2022 жылдың 4-10 қыркүйегі аралығына жоспарланған. 

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы төртінші топқа түсіп, Польша, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамаларымен ойнайды.

Біздің құраманың бапкері Семен Палагутин ойыншылардың нақты тізімін аяқтады: 

Қақпашылар: Дінмұхаммед Ипмағамбетов («Қайрат»), Андрей Голубничий («Ақтөбе»);

Алаңдағы ойыншылар: Ержан Кәрменов, Лев Ким, Ақтілек Бауыржанұлы, Нұржан Сарқыт (барлығы – «Қайрат»), Ерсұлтан Өтегенов, Вадим Булдин, Қанат Әуезов, Алдияр Қазбеков (барлығы – «Аят»), Алдияр Баданов («Тұлпар»), Руслан Үргенішбаев («Рахмет»);

Жаттықтырушылар штабы: Семен Палагутин – аға бапкер, Александр Дьяченко – аға бапкердің көмекшісі.

Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасының ойын кестесі:

15.03.2022. Польша – Қазақстан – 17:00 

16.03.2022. Финляндия – Қазақстан – 23:00

18.03.2022. Қазақстан – Босния және Герцеговина – 17:00.

Өзгелердің жаңалығы