Ұлттық банк валюта нарығын қалай тұрақтандырып жатыр?

15 Наурыз 2022, 09:29
2882
Бөлісу:
Ұлттық банк валюта нарығын қалай тұрақтандырып жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов  Үкімет отырысында айтты.

Геосаяси жағдайдың нашарлауына байланысты қаржы және тауар нарықтарында бұрын-соңды болмаған шоктардың әсерімен дамушы елдердің валюталарымен бірге теңгенің айырбастау бағамы ағымдағы жылғы ақпанда жоғары құбылмалы болды.Бағамның негізсіз күрт ауытқулары кезінде қаржылық тұрақтылық бойынша тәуекелдерді шектеу мақсатында Ұлттық Банк жекелеген күндері валюталық интервенция жүргізді, оның көлемі ақпанда 273,7 млн доллар болды. Бұл операциялар туралы ақпарат жедел жария етілді, - деді Пірматов. 

Оның айтуынша, Ұлттық қор қаражатын бюджетке трансферттер бөлу үшін конвертациялау операциялары, квазимемлекеттік сектор валютасын сату, экспорттаушылардың бюджетке салықтық төлемдері ұлттық валютаға қолдау көрсетті.

Факторлар балансының негативті жаққа ауысуы, нарықтардағы тәуекел-сентимент теңгенің долларға шаққандағы бағамының ақпанда 495 теңгеге дейін 14,2%-ға әлсіреуіне себеп болды.Наурызда қосымша санкцияларға, соның ішінде Ресейден мұнай өнімдерін импорттауға АҚШ-тың тыйым салуына байланысты Ресей рублінің әлсіреуі теңгеге қысымды күшейтті. Наурыздың басынан бастап 542 млн долларға интервенция жүргізілді. Биылғы жылғы 14 наурызда теңге бағамы бір доллар үшін 511,74 теңгені құрады, - деді төраға. 

Пірматов атағандай, қолма-қол шетел валюталары нарығында барынша нарықтық бағам белгілеуді қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк айырбастау пункттері арқылы теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін кеңейту бойынша түзетулер әзірледі. 

Есепті кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 1,6%-ке ұлғайды.Ең төмен көрсеткіштер Қостанай және Жамбыл облыстарында байқалуда. Саладағы өндірістің оң өсуі 15 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары көрсетті. 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай.Барлық көрсеткіш бойынша оң өсу 3 өңірде – Ақмола және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қалаласында белгіленіп отыр, - деді ол. 

Қуантыров атағандай, 6 көрсеткіш бойынша өсу 9 өңірде байқалуда. 

Олар Алматы қаласы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қостанай, Атырау, Қарағанды және Түркістан облыстары.5 көрсеткіш бойынша оң өсім 3 өңірде – Қызылорда және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалуда.4 көрсеткіш бойынша оң өсім Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында байқалуда, - деді ол. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы