Зеленский Ресеймен жүргізілетін ендігі келіссөз қашан болатынын айтты

15 Наурыз 2022, 14:42
1748
Бөлісу:
Зеленский Ресеймен жүргізілетін ендігі келіссөз қашан болатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Киев Ресей мен Украина арасындағы бітімгершілік келісімге бір-екі апта ішінде қол жеткізілетінін мәлімдеді, ең соңғы мерзім мамыр айы болуы тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер 15 наурызда қайта жалғасады. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-да хабарлады.

Бұл соғысты мүмкіндігінше тезірек және адал бейбітшілікпен аяқтау. Біздің делегация ресейлік тараппен келіссөздер кезінде де осы мәселемен айналысты. Маған баяндағандарына қарағанда, жаман емес, бірақ тағы көрейік. Ертең жалғасады, – деді Владимир Зеленский.

Украина президентінің айтуынша, келіссөздер «жақсы» өтіп жатыр.

Бұған дейін РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер видеоформатта өтіп жатқанын айтқан.

Мемлекеттік Думаның депутаты Леонид Слуцкий екі ел арасындағы келіссөздерде «айтарлықтай ілгерілеушілік» байқалып жатқанын айтты. Киевте олар Ресей мен Украина арасындағы бітімгершілік келісімге бір-екі апта ішінде қол жеткізілетінін айтты, ең соңғы мерзім – мамыр.

Өзгелердің жаңалығы