Қазақстандық дипломаттар 822 адамның Украинадан шығуына қолғабыс көрсетті – СІМ

15 Наурыз 2022, 14:20
1648
Бөлісу:
Қазақстандық дипломаттар 822 адамның Украинадан шығуына қолғабыс көрсетті – СІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде қазақстандық дипломаттар 822 Қазақстан азаматына Украинадан шығуға қолғабыс көрсетті.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ішінде 726 адам Польшаға, қалғандары Молдова, Румыния, Мажарстан мен Словакияға шығып кетті. 15 наурызда Нұр-Сұлтан  уақыты бойынша сағат 08:50-де Катовице қаласынан (Польша) 89 Қазақстан азаматы бар 5-ші эвакуациялық ұшақ ұшып шықты.

Бұған дейін төрт репатриациялық рейспен Қазақстанға 587 ел азаматы жеткізілгені белгілі. 

Қазіргі уақытта Катовице қаласында және Украина-Польша шекарасын кесіп өту кезегінде азаматтарымыз жоқ. 

Харьков қаласындағы эвакуациялық жинау орында 3 отандасымыз бар. Сумы қаласында 1 Қазақстан азаматы бар, онымен тұрақты байланыс орнатылған. Украинадағы Қазақстан елшілігінің ақпаратына сәйкес, Мариуполь қаласында Қазақстанның 18 азаматы бар. 

Электр энергиясы мен телефон жүйелерінің үзілуіне орай олармен байланыс орнату мүмкіншілігі жоқ. Қазақстан дипломаттарының көмегімен 57 қазақстандық ауыр жүк көлігінің 51-і Украина аумағынан шықты, ал қалған 6 автокөліктің жүргізушілеріне жан-жақты қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы