Қызылордада түзеу мекемесінің қызметкерлері қан тапсырды

15 Наурыз 2022, 04:09
1556
Бөлісу:
Қызылордада түзеу мекемесінің қызметкерлері қан тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада түзеу мекемесінің қызметкерлері қан тапсырды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

ЗК-169/5 мекемесінде “Мен донормын” шарасы өткізілді. Онда облыстық қан орталығының мамандары қызметкерлердің қан құрамы мен гемоглобин мөлшерін тексеріп, донорлардың қанын жинақтады. Өтеусіз қан тапсырып, адам өміріне араша болуға ниеттілер қатары жылдағыдан артып келеді. 

Жыл сайын қан тапсыруға келетін адамдардың қатары көбейіп келе жатқандығы қуантады. Бүгінгі шараға да жасы мен қызметіне қарамай, ниет білдіргендерді көріп, қуанып отырмыз. Мұндай сауапты іске белсене қатысқан донорларымызға айтар алғысымыз да шексіз. Жалпы қан тапсыру сауапты іс әрі оның адам денсаулығына да пайдасы зор. Қан тапсырғанда адамның қан айналу және иммундық жүйесі жасарып, жүрек-қан тамырлары қатерлі ісік ауруларына шалдықпайды. Ең бастысы, донор өз денсаулығын тексертіп, өзге жанның өмірін сақтап қалады, – дейді облыстық қан орталығының дәрігер-терапевті Фаризат Асылбекқызы. 

Мекеме бастығының орынбасары Жарас Ауешов те дәрігердің сөзін қолдады. Оның айтуынша, жыл бойы мекемеде “Мен донормын” акциясы өткізіліп тұрады. Акцияға қатысқан адамдардың ішінен тұрақты қан доноры болуға шешім қабылдағандар бар. Қан беру – өзге біреуге жаңа өмір сыйлаумен тең. 

Өзгелердің жаңалығы