ШҚО-да 490 мыңнан астам тұрғын ревакцинациядан өтті

15 Наурыз 2022, 18:44
1115
Бөлісу:
ШҚО-да 490 мыңнан астам тұрғын ревакцинациядан өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 наурыз күнгі мәлімет бойынша, ШҚО-да америкалық Pfizer вакцинасының екінші компонентін 99 186 адам салдырды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Аймақ бойынща 12-18 жас аралығындағы 89 314 бала, 2214 жүкті және 7658 бала емізетін әйел екпе алған, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

Сондай-ақ 26 114  50 жастан асқан қарттар мен медицина қызметкерлері Pfizer екпесімен ревакцинациядан өтті. Жалпы өңір бойынша коронавирусқа қарсы ревакцинациядан 491 383 адам өткен.

Өзгелердің жаңалығы