Все новости за 22 сәуір 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мәскеуге жұмыс сапарымен келіп, оның барысында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді.
-
Ақордада ауызашар берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақордада Ораза тұтқан жамағатқа ауызашар берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Ауыл шаруашылығы министрі республикалық семинар-кеңеске қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Түркістан облысына келіп, «Егістен сөреге дейін» жобасы аясындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығын кеңейту жөніндегі республикалық семинар-кеңеске қатысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
-
Өткен жылы Қазақстанның қонақ үйлері 5,5 млн туристі қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтыр қонақ күту орындары (қонақ үйлер, мейманханалар және т. б.) көрсеткен қызметтер көлемі 109 млрд теңгеге жетті. Бұл 2020 жылға қарағанда 63,1%-ға артық, деп хабарлады ҚазАқпарат.
-
Желіде Димаш туралы жалған ақпарат тарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде әнші Димаш Құдайбергеннің қазақстандықтарды «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясына кіруге шақырғаны туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл фейк, деп хабарлады stopfake.kz.
-
ШҚО-да есірткіні Telegram арқылы сатпақ болғандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері «интернет-дүкенді» жапты, деп хабарлады Алтайньюс.
-
Алматы әкімі Италия мен Индонезия елшілерімен кездесті
Алматы, BAQ.KZ. Италияның Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті елшісі Марко Альбертимен кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ инновациялар мен жаңа технологиялар саласындағы серіктестік мәселелері талқыланды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жас қыз көршісінің алтын бұйымдарын ұрлап алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Сарыарқа» ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 26 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
-
ІІМ есірткі пайдаланатындарға жазаның криминалдық сипатын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ-де есірткіні медициналық емес пайдаланғаны үшін жазаның криминалдық сипатын алуды түсіндірді, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Ұлттық музейге Нұртілеу Иманғалиұлының жеке заттары тапсырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне қазақ телевизиясында 47 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының жұбайы Қарлығаш Советбекқызы белгілі қаламгердің қолданған заттары мен киімдерін, тарихи еңбектері мен медальдарын табыстады.
-
Қарулы күштерде жазғы оқу кезеңіне дайындық басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дайындық кезеңі оқу-материалдық базаны жаңарту, инфрақұрылымға қызмет көрсету және полигондарды жарылыс қаупі бар заттардан тазарту шараларын қамтиды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Шығыс әйелдерінің портреттерін ерекше ұнатамын – Бақытнұр Бүрдесбеков
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Бояу поэзиясы» көрмесінің ашылу салтанатында суретші Бақытнұр Бүрдесбеков өзі салатын жанрлардың ішінде ең ұнайтыны әйел портреттерін бейнелеу екенін айтты.
-
Смайылов БҚО-ның өнеркәсіптік әлеуетін белсенді түрде дамытуды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов облыстағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі – Орал трансформатор зауытына барды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
-
Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақорда резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Өскемендік тұрғын қорасында қару жасырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз айының ортасында Өскемен қаласында Солжағалау ПБ криминалдық полиция қызметкерлері бау-бақша қоғамында тұратын 39 жастағы тұрғынды ұстады. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде қорасынан қаруға ұқсас зат табылды, деп хабарлайды Алтайньюс.
-
Елордада көрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық музейде Бақытнұр Бүрдесбековтың 60 жылдығына арналған «Бояу поэзиясы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.
-
Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойын өткізу мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың төрағалығымен Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойын атап өту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.
-
Кардиология және ішкі аурулар институтында ішекті зерттеудің «алтын стандарты» қолданылады
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да Ресейдің жетекші МЕДСИ Premuim компаниясының профессоры, м.ғ.д. Петр Щербаковтың қатысуымен клиника мен Алматы қаласының гастроэнтеролог және эндоскопист дәрігерлері үшін шеберлік класс өткізілді. Шеберлік класс барысында Smart Capsule бейнекапсулалық эндоскопияның тұсаукесері өтті. Бұл туралы институттың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Депутат: Заңсыз нөмірмен көлік жүргізу ауыр қылмыс жасауға апарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шымкент қаласында ішкі істер саласын жетілдіру мәселесі талқыланды. Отырысқа Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, Мәжіліс депутаты Берік Бекжанов, қала әкімі Мұрат Әйтенов пен құқық қорғау органдарының басшылары мен мәслихат депутаттары қатысты. Бұл туралы Палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ел чемпионаты. Екінші күннің нәтижесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тараз төрінде байрағын көтерген ХХІ ел чемпионатында өте қызықты әрі өте тартысты жағдайлар өтіп жатыр.
-
Биыл мектеп бітіру кеші қалай өтеді? – БҒМ ұсыныс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Желіге шолу» жобасында БҒМ МДОБК тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының басшысы Самал Қадырова мәлімдеді.
-
Ел тұрғындарының 70%-ы сапасыз медициналық көмекке шағым айтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лаура Ахметниязова мәлімдеді.
-
Алматыда Қазақстан дипломатиясының 30 жылдығына арналған конференция өтті
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда «Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты мен дипломатиясына 30 жыл: жетістіктері, сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
-
Әдепті мемқызметшінің үлгісі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әдепті болу - адамды басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға, олардың сөзін тыңдай білуге, өзара сыйластыққа қол жеткізуге және үлкендерге құрмет, кішілерге ілтипат көрсетуге негіз болады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Ағыбаев айтып берді.
-
Қызылордалық шаруалар машина-трактор паркін жаңарта алмай отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нариман Әбілшайықов Қызылорда облысына Ұлттық палатаны трансформациялау аясында жұмыс сапарымен келді.
-
Жекеменшік емханаларда жолдамасыз-ақ балалардың тісін емдету тегін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Ләззат Шоманова мәлімдеді.
-
Павлодарда Роза Бағланованың 100 жылдығына орай концерт өтті
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің бас сахнасында Қазақстанның халық әртісі, халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай концерт өтті.
-
Смайылов БҚО-ны кешенді дамыту жөнінде тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесті ашқан Премьер-Министр бірінші кезекте облыстың шешілмеген басты мәселелерінің біріне тоқталды.
-
Өскеменде жәрмеңке өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы сенбі күні облыс орталығында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Алтайньюс.
-
Елордада футзалдан МИИР PRESS CUP турнирі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің University Sports Centre спорт кешенінде БАҚ өкілдері арасында футзалдан екі күндік МИИР PRESS CUP турнирінің ашылу салтанаты болып өтті.
-
Жас көшбасшыларды қолдайтын жоба іске асырыла бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен азаматтық қоғамда жаңа формациядағы көшбасшылықты қалыптастыру жөніндегі әлеуметтік жоба іске асырыла бастады, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
-
Павлодарда Ұлттық ұланның қызметтік иті 3 келі есірткі тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павладар облысы полиция Департаментінің ЖБО-нан белгісіз азаматта есірткі заты сақтаулы дейтін хабарлама келеді, деп хабарлады Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
-
Қызылордада тамшылатып суаруды қолданатын шаруашылықтар көбейіп келеді
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Су тапшылығы мәселесінде Қызылорда облысының егін шаруашылығы саласындағы серіктестіктердің біразы тамшылатып, жаңбырлатып суару әдісін қолданып келеді. Аймақта соңғы жылдары суарудың бұл әдістерін қолданысқа енгізіп, тиімділігін көріп келе жатқан шаруашылықтар бар. Солардың бірі – «Іскер-М» ЖШС.
-
Смайылов БҚО-дағы күре жолдарды жөндеуді жеделдетуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. Үкімет басшысы өңірдегі бірқатар кәсіпорынды, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
-
Мусин құқықтық үстемдікті дамыту туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин «Құқық үстемдігін бекітудің конституциялық және халықаралық аспектілері» тақырыбындағы халықаралық конференциясында айтты.
-
Заң айқын, болжамды және түсіну үшін қарапайым болуы керек – Бази-Малаури
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының төрағасы Клэр Бази-Малаури «Құқық үстемдігін бекітудің конституциялық және халықаралық аспектілері» тақырыбындағы халықаралық конференциясында айтты.
-
Елорда полицейлері түнгі пранкерлерді ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 20 сәуірінде сағат 02.38-де Нұр-Сұлтан қ. ПД Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына шолу жасау барысында әлде біреулер жас жігітті көліктің жүксалғышына салған сәтін түсіріп алған, деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
-
Қайрат Мәми еліміздің адам құқығын қорғау саласындағы бастамалары туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл тууралы Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми «Құқық үстемдігін бекітудің конституциялық және халықаралық аспектілері» тақырыбындағы халықаралық конференциясында айтты.
-
«Qnet» қаржы пирамидасының басшылары тергеліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Qnet» компаниясы халықаралық қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің бір топ тұлғасы мен басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
-
Қаңтар оқиғасы. 13 отбасына ақшалай төлемдер жіберілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан халқына» қорына қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтардың нақтыланған тізімі келіп түскен.
-
Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Мәжілістегі жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
-
Қайрат Құдайберген халықты «Дикий Арманның» маңына жиналуға үгіттеген – Прокуратура
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы прокуратурасы кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің ұсталуына қатысты түсінік берді.
-
Алматыдағы арық суларын реттейтін коллекторлар 30 жылдан бері қараусыз тұр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы арық суын реттейтін 16 коллектордың төртеуі ғана жұмыс істеп тұр. Қалғандары батпаққа батып тұр. Бұл туралы Жасыл экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Әділбаев айтты.
-
Қазақстан мен Өзбекстан сенаторлары Арал проблемасын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының Арал ауданында Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Өзбекстан Республикасының Олий Мажлисі Сенаты арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
-
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы күндері еліміздің солтүстік өңірлері Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады, бұл жауын-шашынның тоқтауына, түнгі ауа температурасының 5-10 аязға дейін төмендеуіне әкеледі.
-
Смайылов жұмыс сапарымен БҚО-ға барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды.
-
Көкшетауда «Өмір ағашы» қайырымдылық акциясы өтті
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Балалар жылы аясында Көкшетаудағы «Кванториум» орталығында «Өмір ағашы» қайырымдылық акциясы бастау алды. Іс-шара онкологиялық аурулармен ауыратын балалардың арман-тілектерін орындауға бағытталған.
-
Атырау балығына сұраныс көп
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау балығына ішкі нарықта сұраныс көбейген. Өңірдегі балық шаруашылықтары өнімдерін шетелге де экспорттайды.
-
Қағаздың иісін сезініп, кітапты қолға ұстаудың жөні бөлек – түркиялық баспагер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы «ЕХРО» халықаралық көрме орталығында «Eurasian Book Fair-2022» V Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатқаны белгілі.
-
Асхат Аймағамбетов: Мұғалім күніне екі құжат қана толтырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Qazaqstan арнасының «Жедел желі» бағдарламасына берген сұхбатында мұғалімдерден артық құжатты талап ету заңбұзушылық болып есептелетінін айтты.
-
Мектептегі өрт. Білім беру нысандары өрт қауіпсіздігіне тексеріліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Бір адам қаза тауып, 668 гектар жер өртенген. Құрғақ шөптің жануы неге әкеледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
ТЖМ авиациялық патрульдеуді тұрақты жүргізеді – Дербісов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
ТЖМ өрт қаупі жоғары өңірлерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Зейнеткерлікке жақындаған педагогтерге жеңілдік жасалады – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Qazaqstan арнасының «Жедел желі» бағдарламасына берген сұхбатында зейнет жасына жақындап қалған педагогтерге жеңілдік болатынын айтты.
-
Алматылық дәрігерлер кеңірдек стенозына ота жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы №1 Қалалық клиникалық аурухананың торакальды хирургия орталығы көкірек қуысына операция жасауға машықтанған.
-
Шу қаласының тұрғынынан 160 келіден астам есірткі тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 19 сәуірінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Шу қаласының 43 жастағы тұрғынын ұстады.
-
Нұрлан Мәсімов пара алды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Н.М. Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлады Антикор.
-
Сенатқа Алматы облысынан депутат сайланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 сәуірде Алматы облысы бойынша шығып қалған депутаттың орнына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау өтеді.
-
Азаматтық авиация комитетінің басшылығы ИАТА өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 сәуірде ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) Түркия, Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша өңірлік менеджері Фунда Чалышармен кездесті.
-
Қайрат Құдайберген ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Депутат Қайрат Құдайберген ұсталды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков telegram арнасында жазды. Алматы мәслихаты депутатының туыстары да бұл ақпаратты растаған.
-
Денис Тенді өлтіру ісі: Сот Толыбаеваның неге ерте босағанын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облыстық соты Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сотталған Жанар Толыбаева не себепті колониядан шыққанын түсіндірді .
-
Биыл АӘК-ке 87,1 млрд теңге бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылғы қаңтар – наурыз аралығында 98,1 мың отбасындағы 503,5 мың адам атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
-
«Атырау-Астрахань» тас жолының құрылысын аяқтау кезек күттірмейтін мәселе – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев «Атырау-Астрахань» автожолын реконструкциялау жұмыстарын тексерді.
-
Қаңтар оқиғасына қатысты бейнебаян жарық көрді
Алматы, BAQ.KZ. Америкада тұратын қазақ қызы қаңтар оқиғасына қатысты ән шығарып, бейнебаян түсірді. Вашингтонда тұратын отандасымыз ән шығарып қана қоймай, әлемдік хит әндерді қазақ тіліне, ал қазақ әндерін ағылшын тіліне аударып жүр.
-
Испания тұрғыны 20 күнде екі рет COVID-19 жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияда 20 күн ішінде әйел коронавирустың екі түрлі штаммын жұқтырды. Бұл туралы Daily Record басылымы жазды.
-
Өткен тәулікте 19 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 72 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы.
-
Елімізде өткен тәулікте 9 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 9 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Ақтөбеде есірткі пайдаланып қоғамдық көлік жүргізген жүргізуші ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде есірткіге елтіген 52 жастағы жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды 24.kz.
-
Елордада пандемия кезінде кәсіпкерлік нысанның 40%-ы жабылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада коронавирус пандемиясы кезінде кәсіпкерлік нысанның шамамен 40%-ы жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік кеңесінің басшысы Болат Омаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
-
Өткен жылы Алматы облысында 24 ана өлімі тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы Алматы облысында 24 ана босанғаннан кейін қайтыс болған. Бұл жағдай өлімі негізінен Қарасай, Панфилов, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қапшағай қалаларында болған. Бұл туралы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
-
Германия Ресей мұнайынан толықтай бас тартпақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы осы елдің сыртқы істер министрі Анналена Бербок Латвияға сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Сегіз өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің кейбір облыстарында 22 сәуірде жауын жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
-
Артем Захаров пен Рината Сұлтанова тректегі велоспорттан Ұлттар лигасына қатысып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық қос велошабандоз тректегі велоспорттан UCI Ұлттар лигасында бақ сынайды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
«Атырау мұнай өңдеу зауытына» қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы департамент өңірлік прокуратурамен бірлесіп, Атырау мұнай өңдеу зауытының үстем жағдайын теріс пайдалану дерегін анықтады, деп хабарлайды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.
-
Теннис: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Үндістанмен ойнайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия-Тынық мұхит аймағы іріктеу турнирінің топтық бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
-
Бос жұмыс орындарын сатқан бұрынғы бас дәрігер сотталды – Шымкент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте емхананың бұрынғы бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Наверх