Сегіз өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22 Сәуір 2022, 04:47
1357
Бөлісу:
Сегіз өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің кейбір облыстарында 22 сәуірде жауын жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан жел соғып, бағыты солтүстік-шығысқа ауысады. Екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында, батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, күндіз шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал.

Атырау облысының солтүстік-шығысында күндіз найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан, солтүстіктен, батыстан және облыстың орталығынан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Атырауда 22 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан, облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с болады. Сол күні Ақмола облысында түнде Көкшетау қаласында көктайғақ болып, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл болуы мүмкін. Шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында нөсер жауын жауады. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.
 

Өзгелердің жаңалығы