Испания тұрғыны 20 күнде екі рет COVID-19 жұқтырған

22 Сәуір 2022, 08:50
1536
Бөлісу:
Испания тұрғыны 20 күнде екі рет COVID-19 жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияда 20 күн ішінде әйел коронавирустың екі түрлі штаммын жұқтырды. Бұл туралы Daily Record басылымы жазды.

Испаниялық зерттеушілердің айтуынша, дәрігер болып жұмыс істейтін 31 жастағы әйел қысқа уақыт ішінде – 20 күнде екі рет COVID-19-бен ауырып үлгерген.

Сонымен қатар, атап өткендей, ол ең қысқа мерзімде екі рет инфекцияны жұқтырған – әйел вирустың әртүрлі штаммымен ауырды: желтоқсанның аяғында дельта және жылдың басында омикрон. Осылайша, алғашқы оң ПТР сынамасынан кейін ол инфекция белгілерін көрсетпегенмен, үш өткен соң жөтел мен қызу пайда болған. Бұл жағдай оны қайтадан тексерілуге итермелейді.

Зерттеудің авторы, доктор Джемма Ресио бұл жағдай коронавирустың омикрондық штаммы инфекцияның салдарынан да, вакцинация кезінде де алынған ағзаның иммунитетін айналып өтуге қабілетті екендігінің дәлелі деп санайды.

Өзгелердің жаңалығы