Павлодарда Роза Бағланованың 100 жылдығына орай концерт өтті

22 Сәуір 2022, 17:05
1508
Бөлісу:
Павлодарда Роза Бағланованың 100 жылдығына орай концерт өтті
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің бас сахнасында Қазақстанның халық әртісі, халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай концерт өтті.

«Қазақ деген халықтың еркесімін» атты шығармашылық кешке «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымы мен Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары қатысты.

Естай атындағы мәдениет сарайының төрінде елге танымал әншілер мен ансамбльдер өнер көрсетті. 

«Роза Бағланованың 100 жылдығын бүкіл Қазақ даласы тойлап жатыр десек, артық айтпағандық болар. Алматы, Нұр-Сұлтан қаласының өнер ұжымдары мерейтойлық шараларын өткізіп жатыр. Міне, «Қазақконцерт» ұйымының ұжымы, менмен деген әншілер Ертіс өңіріне келдік. Бұған дейін Қарағанды және Көкшетау шаһардарында өнер көретіп үлгердік. Бүгінгі кешімізді қазақ эстрадасындағы өзіндік орны бар «Ақ сұңқар» әнімен аштық», - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Ардақ Балажанова.

Павлодарда Роза Бағланованың 100 жылдығына орай концерт өтті

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл концерт арқылы өңірлердегі шығармашылық ұжымдар өзара байланыс орнатып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады. Концерт барысында қазақ бұбұлының өнерсүйер қауым жадында мәңгілікке қалған әндері шырқалды.

«Кішентайымнан Роза апамыздың әндерін естіп өстім. Әлі есімде, алты жасымда әкем ауылдық клубта өткен концертке ертіп апарды. Сол кезде мен алғаш рет Роза Бағданованы көріп, тәнті болдым. Кестеленген көйлегімен сахнада ән айтқаны әлі көз алдымда. Кішкентай болсам да, концертті соңына дейім тапжылмай тамашаладым. Біз сияқты әншілер үшін Роза апайымыз - сымбаты, талғамы мен өнерімен үлгі болған тұлға. Ол махаббат пен сезімге толы әндерін халыққа жеткізді. Бұлбұлша сайраған өнер иесінің мұрасын ешқашан ұмытпаспыз. Роза апайымыздың әндері репертуарымызға еніп жатыр. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш, әрине», - дейді Ардақ Балажанова. 

Павлодарда Роза Бағланованың 100 жылдығына орай концерт өтті

Айта кетейік, өткен жылы ел Үкіметінің қаулысымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымына Роза Бағланованың есімі берілген. Үстіміздегі жылдың бірінші наурызынан бастау алған мерейтойлық кештер.

Өзгелердің жаңалығы