Жас көшбасшыларды қолдайтын жоба іске асырыла бастады

22 Сәуір 2022, 16:00
1319
Бөлісу:
Жас көшбасшыларды қолдайтын жоба іске асырыла бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен азаматтық қоғамда жаңа формациядағы көшбасшылықты қалыптастыру жөніндегі әлеуметтік жоба іске асырыла бастады, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

Жоба өңірлердегі көшбасшылардың жаңа буынының әлеуетін күшейтуге бағытталған.

Жобамыздың басты мақсаты – азаматтық қоғамдағы белсенділер арасынан көшбасшылардың жаңа буынын қоғамдық-саяси алаңға тарту. Біз республикалық деңгейдегі көшбасшылар қазірдің өзінде жақсы қолдау табатынын жақсы түсінеміз. Бұл жобада біз оқыту немесе кеңес беру ресурстарына әлі қол жеткізе алмаған көшбасшыларға барынша көңіл бөлгіміз келеді. Бізді, әсіресе, аудандарда, ауылдарда немесе шағын қалаларда жұмыс істейтін жастар қызықтырады, - деді жобаны таныстырған «ТРИНТА» ЖҚ жетекшісі Юлия Натарова.

Жоба шеңберінде азаматтық қоғамда жаңа формация көшбасшыларын қалыптастыру жөніндегі жобалық кеңсе құрылатын болады.Сондай-ақ, қазіргі көшбасшылардың негізгі құзыреттерін дамытатын оқыту онлайн-курстары өткізілетін болады.

Біз оқыту курстарын өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Өйткені жас көшбасшыларға soft-skills, адвокаттық дағдыларға ие болу керек, олар жүзеге асырғысы келетін идеяларды сәтті енгізу үшін өзгерістер теориясын жақсы білу керек, - дейді Юлия Натарова.

Бағдарлама аясында қоғам белсенділері жас ұрпақтың әлеуетін арттыруға тырысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаға кем дегенде 200 көшбасшы тартылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы