Азаматтық авиация комитетінің басшылығы ИАТА өкілдерімен кездесті

22 Сәуір 2022, 10:06
1283
Бөлісу:
Азаматтық авиация комитетінің басшылығы ИАТА өкілдерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 сәуірде ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) Түркия, Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша өңірлік менеджері Фунда Чалышармен кездесті.

Кездесуде Азаматтық авиация комитеті мен ИАТА арасындағы ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде пандемия салдары, саланы қалпына келтіру және халықаралық рейстерді қалпына келтіру мәселелері, сондай-ақ қазақстандық әуежайлардың үш әріптік кодына өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға келісті.

Кездесу достық және сындарлы жағдайда өтті. 

Өзгелердің жаңалығы