Қайрат Құдайберген ұсталды

22 Сәуір 2022, 09:52
1823
Бөлісу:
Қайрат Құдайберген ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Депутат Қайрат Құдайберген ұсталды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков telegram арнасында жазды. Алматы мәслихаты депутатының туыстары да бұл ақпаратты растаған. 

Мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген түнде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты (Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1 және 2-бөлігі) деп айыпталып отыр, - деп жазды Козачков Telegram-арнасында.

Айта кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде Қайрат Құдайбергенді Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің қасынан  жиі көрінген. Қазір «Жабайы Арман» тергеуде қамауда отыр

Өзгелердің жаңалығы