ТЖМ авиациялық патрульдеуді тұрақты жүргізеді – Дербісов

22 Сәуір 2022, 11:16
1588
Бөлісу:
ТЖМ авиациялық патрульдеуді тұрақты жүргізеді – Дербісов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Ормандар мен далалардың тұтану ошақтарын дер кезінде анықтау үшін, тұрақты авиациялық патрульдеу басталды.ТЖМ сәуір айының басынан бастап ұлттық парктердің, табиғи қорықтардың, сондай-ақ балаларды сауықтыру лагерлерінің өртке қарсы жағдайы мен дайындығын тексеруді бастады. Ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін ТЖМ өрт инспекциясы бұл тексерулерді аяқтайды, - деді Нұрболат Дербісов. 

Ол атағандай, ғарыштық мониторингті қамтамасыз ету мақсатында, «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен осындай қызметтерді алуға шарттар жасалды.

Өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтау үшін, шекара маңындағы аумақтарда Ресей ТЖМ бөлімшелерімен 8 іргелес аймақтармен өрт-тактикалық жаттығулар жоспарланған. (Астрахань, Орынбор, Саратов, Қорған, Тюмень, Челябинск, Омбы облысы және Алтай өлкелері).Табиғи өрттердің себептерін талдау көрсеткендей, жанудың тек 43% - і табиғи құбылыстардан, найзағай разрядтарынан туындаған, ал 50% - тен астамы адам қызметінің нәтижесі болды, - деді ол. 

Оның айтуынша, ТЖМ жергілікті полиция қызметімен және әкімдіктермен бірлесіп, халықтың ормандар мен дала алқаптарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауы, ауыл шаруашылығы ұйымдарының өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындауын қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауға алды.

Өзгелердің жаңалығы