Өскемендік тұрғын қорасында қару жасырған

22 Сәуір 2022, 19:26
1410
Бөлісу:
Өскемендік тұрғын қорасында қару жасырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз айының ортасында Өскемен қаласында Солжағалау ПБ криминалдық полиция қызметкерлері бау-бақша қоғамында тұратын 39 жастағы тұрғынды ұстады. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде қорасынан қаруға ұқсас зат табылды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Сараптама қорытындысына сәйкес ер адамнан алынған зат «ИЖ-18» үлгісіндегі тегіс ұңғылы аңшылық мылтығының кесіндісі болып шықты. Онда зауыттық нөмірлері жоқ, оқ атуға жарамды 12 калибрлі атыс қаруы болып табылады. 

Ер адам бұл азаматтық қарудың иесі ретінде тіркелмегені анықталды. Қаскөйге қатысты шақыру бойынша келу міндеттеме мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287 - бабы 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы баптың санкциясымен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 

Өзгелердің жаңалығы