Алматыда Қазақстан дипломатиясының 30 жылдығына арналған конференция өтті

22 Сәуір 2022, 17:48
1442
Бөлісу:
Алматыда Қазақстан дипломатиясының 30 жылдығына арналған конференция өтті

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда «Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты мен дипломатиясына 30 жыл: жетістіктері, сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

ҚазҰУ-да өтіп жатқан ауқымды шара Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыттарын ғылыми тұрғыдан талдау және талқылауға, еліміздің халықаралық қатынастардағы қазіргі перспективаларын, оның қауіпсіздік жүйесі, интеграциялық құрылымдар, экономикалық және өркениеттік процестердегі орны мен рөлін айқындауға бағытталған. Оған танымал сарапшылар, сыртқы саясат құрылымдары мен ҚР аккредиттелген дипломатиялық миссия өкілдері, ғалымдар және студент жастар қатысуда.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі басшысының орынбасары Руслан Қарабулов өз сөзінде ҚазҰУ басшылығына тұрақты ынтымақтастығы және сыртқы саясат ведомствосы үшін кадрлар даярлауға альма-матердің қосқан ерекше үлесі үшін алғысын жеткізді.

Қазақстан-инвестиция тарту, экономика көлемі бойынша Орталық Азия өңірінің абсолютті көшбасшысы. Біздің еліміз Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің локомотиві болып табылады, көптеген халықаралық ұйымдарға төрағалық етті, 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін қабылдады, БҰҰ Бас Ассамблеясының Ядролық қарудан азат әлем құру туралы Жалпыға ортақ декларацияны қабылдауына бастамашылық етті. Бүгінде Қазақстанды халықаралық қоғамдастық дипломатиялық қызмет ардагерлерінің күш-жігерінің арқасында көбінесе болжанатын және сенімді серіктес ретінде қабылдайды,-деді Қарабулов.

Алматыда Қазақстан дипломатиясының 30 жылдығына арналған конференция өтті

Жиында сөз алған БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори жарқын болашақ құратын жастарды қалыптастыру БҰҰ миссиясының негізі екенін еске салды.  

Бүгінгі конференция аса маңызды әрі дер кезінде ұйымдастырылып отыр.  Жаһандық пандемия және геосаяси жағдайлар Еуропаны Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болмаған эмигранттар дағдарысына алып келді. Қазір бүкіл әлемде логистика саласы зардап шекті, транспорт, энергия және маңызды әрі қажетті заттардың бағасы күрт көтерілді. Бүгінде тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру тіптен қиын болып отыр. Бірақ біз өзімізге қажетті жарқын болашаққа ұмтылуымыз қажет және ол үшін біздің барлығымызға білім және жаңа идеялар қажет,-деді ол.

Сондай-ақ пленарлық отырыста Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Ашықбаев, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас, Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй, Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы бас консулы Алексис Шахтахтинский, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов сөз сөйлеп, пікір бөлісті. 

Алматыда Қазақстан дипломатиясының 30 жылдығына арналған конференция өтті


 

Өзгелердің жаңалығы