Елорда полицейлері түнгі пранкерлерді ұстады

22 Сәуір 2022, 14:35
1399
Бөлісу:
Елорда полицейлері түнгі пранкерлерді ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 20 сәуірінде сағат 02.38-де Нұр-Сұлтан қ. ПД Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына шолу жасау барысында әлде біреулер жас жігітті көліктің жүксалғышына салған сәтін түсіріп алған, деп хабарлады  ПД баспасөз қызметі.

Бұл жедел ақпарат Сарайшық көшесін патрульдейтін полиция жасағына берілді. Мамандандырылған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қабанбай батыр даңғылында «Toyota» маркалы екі автокөлікті тоқтатты. Ұсталған 18-19 жастағы түнгі тәртіп бұзушылар Есіл аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Жастардың айтуынша, олар достарымен ойнап, әлеуметтік желілер үшін пранк жасағысы келген. 

Оларға қатысты осындай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізіліп, әкімшілік іс қозғалды.

Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті және түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзбауды ескертеді. 

Өзгелердің жаңалығы