Мектептегі өрт. Білім беру нысандары өрт қауіпсіздігіне тексеріліп жатыр

22 Сәуір 2022, 11:33
3244
Бөлісу:
Мектептегі өрт. Білім беру нысандары өрт қауіпсіздігіне тексеріліп жатыр
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  ҚР ТЖМ Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Ерлан Төрегелдиев Павлодар мектебінде болған өрттің алдын ала себебін айтты. 

Павлодардағы мектептегі өртке қатысты материал тергеліп жатыр. Өрттің алдын ала себебі электр құрылғылары қауіпсіздігінің сақталмауы болып отыр. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді Төрегелдиев. 

Ол атағандай, жоспарланбаған тексерулер жоқ. 

Барлық мектеп өрт қауіпсіздігі бойынша ақпан-мамыр айлары аралығында тексеріледі. Себебі мектеп қаупі жоғары нысандардың қатарына кіреді. Алғғашқы жартыжылдықта 8 мың нысанды тексеру қарастырылған. Оның жартысынан көбі тексерілді. Мамырдың соңы мен маусымның басында тексерістердің нәтижесі белгілі болады. Тексерілгендердің ішінде стандартты өрт қауіпсіздігін бұзғандар бар, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы