Заң айқын, болжамды және түсіну үшін қарапайым болуы керек – Бази-Малаури

22 Сәуір 2022, 14:53
1446
Бөлісу:
Заң айқын, болжамды және түсіну үшін қарапайым болуы керек – Бази-Малаури

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының төрағасы Клэр Бази-Малаури «Құқық үстемдігін бекітудің конституциялық және халықаралық аспектілері» тақырыбындағы халықаралық конференциясында айтты. 

2012 жылы Қазақстан Венеция комиссиясына келіп қосылды да, біздің отбасы мүшесі атанды. Біздің құрамда 61 мүше мемлекет бар. Олар үш құрлықта орналасқан. Соңғы 10 жылда көп бастама жүзеге асырылды. Венеция комиссиясы Қазақстанның өтініші бойынша көптеген заңды қабылдады, - деді ол. 

Клэр Бази-Малауридің айтуынша, Венеция комиссиясы мен Қазақстан конституциясының арасындағы қарым-қатынас өте жоғары деңгейде қалыптасқан. 

2017 жылы конституциялық ұсыныстар бойынша атап өтетін болсақ, мұндай шешімдердің нәтижелерін тек белгілі бір уақыт өткен соң ғана бағалауға болады. Қандай да бір мемлекетте құқық үстемдігін бақылау үшін Венеция комиссиясы арнайы құжат әзірлеп шықты, - деді Клэр Бази-Малаури.

 Оның айтуынша, құқықтық айқындылық болуы керек. 

Құқықтық айқындылық заңның қолжетімділігін білдіреді. Заң айқын, болжамды және түсіну үшін қарапайым болуы керек, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы