Елордада көрме ашылды

22 Сәуір 2022, 19:07
1901
Бөлісу:
Елордада көрме ашылды
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық музейде Бақытнұр Бүрдесбековтың 60 жылдығына арналған  «Бояу поэзиясы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.

Көрме авторы – халықаралық «Арт-экспо 2011» (Нью-Йорк, АҚШ) байқауында үш аталым бойынша алтын медальды иеленген суретші.

Елордада көрме ашылды
Елордада көрме ашылды
Елордада көрме ашылды

«Бақытнұр бауырымыздың көрмесі – тек Қазақстанды ғана емес, әлемді шарлап жүрген көрме. Мұқағалидай ақынды берген жер Бақытнұрдай бейнелеу өнерінің шеберін беріп отыр. Табиғатты бойына сіңіріп өскен ол классикалық өнерге қарай академиялық білім алып, өз-өзін дамыту арқылы жетіп отыр», – деді құттықтау сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай.

Елордада көрме ашылды

Ал Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заманауи суретшінің шығармашылығының ұлттық бағытта екенін атап өтті.  

Елордада көрме ашылды

«Бақытнұр Бүрдесбеков – қай жерде, қай деңгейде, қандай биіктікте жүрсе де ұлттық бояуды абстракциялау өнеріне әкеліп, өзінің Қарасазын, ел-жұртын, қазақ даласы мен сайын өнер тілінде әлемге жеткізген санаулы суретшілеріміздің бірі», – деді ол.  

Елордада көрме ашылды
Елордада көрме ашылды
Елордада көрме ашылды
Елордада көрме ашылды
Өзгелердің жаңалығы