Өскеменде жәрмеңке өтеді

22 Сәуір 2022, 16:30
2417
Бөлісу:
Өскеменде жәрмеңке өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы сенбі күні облыс орталығында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Алтайньюс.

Бұл жолы жәрмеңкеде Катонқарағай және Жарма аудандарының фермерлері өз өнімдерін ұсынатын болады. Қала тұрғындары ет, сүт және көкөніс өнімдерін нарықтық бағадан 15% - ға төмен бағамен сатып ала алады.

Айта кетейік, жәрмеңкеде ветеринарлық ілеспе құжаттар бойынша азық-түлік тауарлары сатылады. Іс - шара "Fresh-Market" сауда - логистикалық орталығының және "Dos-Nar" сауда үйінің аумағында сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін өтеді.

Өзгелердің жаңалығы