Өткен жылы Қазақстанның қонақ үйлері 5,5 млн туристі қабылдады

22 Сәуір 2022, 22:19
1134
Бөлісу:
Өткен жылы Қазақстанның қонақ үйлері 5,5 млн туристі қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтыр қонақ күту орындары (қонақ үйлер, мейманханалар және т. б.) көрсеткен қызметтер көлемі 109 млрд теңгеге жетті. Бұл 2020 жылға қарағанда 63,1%-ға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат finprom.kz-қа сілтеме жасап.

 Finprom.kz мәліметінше қызметтердің басым бөлігі Алматыда - 27,9 млрд теңгеге көрсетілген. Жылдық өсім 66,1%-ға артқан. Үздік үштікке, сондай-ақ елорда (20,3 млрд теңге, 75,4 %-ға көп) және Ақмола облысы (10,5 млрд теңге, 63,9%-ға көп) кіреді. Ең аз қызмет Қызылорда облысында – 1,1 млрд теңгеге ғана көрсетілген. 2021 жылы қонақ күту орындары 5,5 миллион келушіге қызмет көрсеткен. 

Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 52,9%-ға көп. Өңірлік бөліністе келушілердің басым бөлігі – Алматыда. Мұнда 1,2 млн адамға қызмет көрсетілген. 

Аймақтағы келушілер саны бір жылда 65,5%-ға артқан. Жетекші өңірлердің қатарында Нұр-Сұлтан (751,1 мың адам, 78,4%-ға көп) мен Алматы облысы (609 мың адам, 26,1%-ға) бар. Ең аз келушілер - Атырау облысында. Мұнда туристер саны бірден 45,2%-ға, 46,3 мың адамға дейін қысқарған. Қызмет көрсетілетін келушілер санының азаюы тек осы аймақта байқалған. 

Орналастыру түрлері бойынша ең танымал орындар мейрамханасы бар қонақ үйлер болып отыр. Мұндай мекемелерге өткен жылы 2,7 млн адам тоқтаған. 2020 жылға қарағанда бірден 62,8% -ға артқан. Сондай-ақ, 1,7 миллион адам мейрамханасы жоқ қонақ үйлерде және 673 мың адам бір қабатты бунгалоларда, ауылдық үйлерде, коттедждерде, шағын үйлер мен пәтерлерде тұруды жөн көрген. 

Өзгелердің жаңалығы