Теннис: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Үндістанмен ойнайды

22 Сәуір 2022, 01:19
1699
Бөлісу:
Теннис: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Үндістанмен ойнайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия-Тынық мұхит аймағы іріктеу турнирінің топтық бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық қыздар D тобында Өзбекстан құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, өз тобындағы қарсыластарының бәрін жеңген Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалға бірінші орынмен жолдама алды.

Қазақстандықтар ертең жартылай финалға шығу үшін Үндістан құрамасымен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы