Все новости за 23 тамыз 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Коронавирус: Әлемдегі эпидахуал жақсы емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швеция коронавирусқа қарсы үшінші екпе салуды бастауы мүмкін. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
«Талибан» АҚШ әскеріне елден кетуге уақыт берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Талибан» қозғалысының өкілі (Жоғарғы сот шешімі бойынша, Қазақстанда тыйым салынған) Сухейл Шахин 31 тамыз АҚШ әскері елден кетіп үлгеруі керек соңғы күн екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
-
Саясат Нұрбек: Ұлттық деңгей өңірлік экономиканың ерекшелігін көрсетпейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа ұлттық жоба - "Қазақстанның мамандықтар мен құзыреттер атласы" туралы BTS Education ЖШС бас директоры Саясат Нұрбек Павлодарда өткен педагогтердің тамыз конференциясында айтты.
-
Вакцинация. ШҚО-да жалған құжат жасағандар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында жалған вакцинация паспортын жасап сатқан күдіктілер ұсталды.
-
"Әрқайсысында 4 оқушыдан оқыған". СҚО-да 6 мектеп жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде білім басқармасы жаңа оқу жылына дайындық барысы жайындағы жиында мәлім етті.
-
Көмірқышқыл газын қайта өңдейтін кәсіпорын салу ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында көмірқышқыл газын қайта өңдейтін кәсіпорын салу ұсынылды. Қала әкімінің төрағылығымен өткен инвестициялық штаб отырысында «РЕТ» ЖШС-нің өкілі көмірқышқыл газын қайта өңдейтін зауыт жобасын ұсынды.
-
Жақында ғана қала мәртебесін алған Қосшыға әкім тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Қосшы қаласының әкімі тағайындалды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қорғаныс министрі VII АрХО-2021-дің ашылуына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу түбіндегі Алабиноның «Патриот» паркінде Армиялық халықаралық ойындардың ашылу рәсімі өтті.
-
Еліміздің сыртқы нарықта сұранысқа ие тауарлары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтар-мамырда жеңіл өнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі 28,4 млн долларды құрады. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 8,5%-ға жоғары. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
-
Ауылдағы азаматтық бастамалар қалай жүзеге асырылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру" жобасын іске асыру аясында Қызылорда облысының Әйтеке би және Жалағаш аудандарында мүгедектігі бар балаларды әлеуметтендіру және өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылығы арттыруға арналған жобаларды іске асыру басталды.
-
ШҚО мектептері дәстүрлі білім беру жүйесіне дайындалып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстандағы білім беру мекемелерінде дәстүрлі форматқа көшу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыстық Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсутова мәлім етті.
-
Ядролық отынды қолдану төмендейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен ШҚО әкімі Даниал Ахметов Курчатов қаласында орналасқан және Семей сынақ полигоны базасында жұмыс істейтін ҚР Ұлттық ядролық орталығының жұмысымен танысты.
-
Көктемде Байқоңырдан ракета ұшыруды тоқтату керек - Сенатор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сенат депутаты Мұхтар Бақтиярұлы жұмыс сапармен Арал, Қазалы аудандарындағы бірнеше шаруашылықтарды аралап, шаруа қожалықтары басшыларымен кездесіп табиғи қуаңшылық пен су тапшылығына байланысты қалыптасқан ахуалды көзбен көрді.
-
ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық Орталығының басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рүстам Албаев ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық Орталығының «Орталық клиникалық аурухана» АҚ президенті болып тағайындалды, деп хабарлады Басқарманың баспасөз қызметі.
-
Гендердік мұқтаждық пен қажеттіліктерді зерттеу бойынша жоба басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жергілікті бірлестіктерді тұрақты дамыту» қоғамдық қоры және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен «Гендердік мұқтаждық пен қажеттіліктер картасы: этностық сипаттың, аймақ пен дәреженің ықпалы» атты әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.
-
Қарағандыда алғашқы экоавтобус жолға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді автобус бір ай бойы жолаушыларды тегін тасымалдайды, деп жазды «Хабар 24».
-
125 000 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем туралы ақпарат жалған – Еңбек министрлігі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі бір сілтеме бойынша өткен Қазақстанның әрбір азаматына 125 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем жүзеге асырылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
-
ЕҰУ ғалымдары қола дәуіріне тиесілі ескерткіштер тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары ШҚО-ның Абай ауданына қарасты Тоқтамыс ауылы маңынан осыдан 4 мың жыл бұрын қаланған ескерткіштер тапты. Қазба жұмыстарын жүргізу кезінде топырақ астындағы тас қабырғалардан жылқы мен аңдардың суреттері шыққан.
-
ШҚО үшін Ұлттық ядролық орталық үлкен маңызға ие – Даниал Ахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі бұрынғы Семей сынақ полигонының әскери-өнеркәсіптік кешенінің базасында жұмыс істейтін Курчатов қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығының жұмысымен танысты.
-
Тауратта екпеге тыйым салынған ба?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы компонентін 400 мыңға жуық адам алды.
-
Сотталған әйелдер Ішкі істер министрінің орынбасарына жүгінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарын реформалауды іске асыру шеңберінде Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімовамен, Орталық Азиядағы PRI Өкілдігінің жетекшісі Жанна Назаровамен, «Адам құқықтары үшін хартиясы» қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағамбетовамен бірге Алматы облысындағы ЛА-155/4 әйелдер колониясына барды.
-
Белгілі дәрігер Ернияз Омаров дүниеден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыр елінің ардақты азаматы, талантты хирург, денсаулық сақтау саласының аңыз тұлғасына айналған алтын қолды дәрігер Омаров Ернияз Омарұлы 90 жасқа қараған шағында қайтпас сапарға аттанды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
-
Қарағандыда Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1-6 қыркүйегі аралығында Қарағанды қаласында Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVI әлем чемпионаты және әйелдер арасындағы VII әлем чемпионаты өтеді.
-
Мамин Ashyq қатысушыларына демалыста жұмыс істеуге мүмкіндік беруді пысықтауды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе отырысын өткізді, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
-
Алматы облысында вирустың таралуы артты
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында індеттің өсу қарқыны 1,1%-ға дейін артты. Бұл туралы Жетісу медиа хабарлады.
-
Ата-бабамыздан қалған дәстүрді қолға алуымыз керек – Елбасының сыныптасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мақтаарал ауданының құрметті азаматы Роза Телемісова «Әйелдердің ауыл және ауыл шаруашылығының дамуына қосқан үлесі» тақырыбында өткен Қазақстанның Оңтүстік өңірлерінің аймақтық форумында айтты.
-
ХҚКО-да кезек күткен халық саны күрт өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап еліміздегі қалалық Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды міндетті брондаусыз қабылдай бастады. Мұның соңы ұзын-сонар кезекке әкеліп соқты.
-
Атырауда арнайы топ теңіздің тереңдігін өлшеді
Алматы, BAQ.KZ. Атырау облыстық Балық шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен арнайы топ құрылып, Каспий теңізінің Жайыққа құяр сағасында өлшеу жұмыстарын жүргізді.
-
Құранды толық жатқа оқығандар жарыстан көлік ұтып алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай киелі Түркістанда Х республикалық Құран жарысы өтеді.
-
Бәрінен де сен сұлу. Жас маман – Айым Әбдірашит
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Бәрінен де сен сұлу» аудиоподкастының кезекті қонағы жас маман - Айым Әбдірашит.
-
Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
XVI Паралимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетіле ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода өтетін XVI Паралимпиада ойындарын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
-
Назарбаев Сұлтан Оразалиновтың отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Сұлтан Оразалиновтың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
-
Адамның алдында да, Алланың алдында да арым таза – Тұрсынбек Қабатов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Instagram желісінде қызына қатысты соңғы жаңалықтың қалай ауыр тигенін айтып, құқық қорғау органдары істің ақ-қарасын ажыратып беретініне сенімді екенін жазды.
-
Ұлттық құрамамыз Паралимпиада ойындарының дайындығына кірісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірер күннен кейін Токиода Паралимпиада ойындары басталады. Осыған байланысты әлемдегі мыңдаған спортшы жапон астанасына ағылып жатыр. Олардың арасында біздің құрама да бар.
-
Тәліптер Ауғанстанның экс-президентіне рақымшылық жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Талибан» қозғалысы Ауғанстан президенті Ашраф Гани мен вице-президент Амрул Салехке рақымшылық жасап, қаласа елге қайта оралуға мүмкіндік берді.
-
Алматыда демалыста карантин шараларын бұзған мекемелер анықталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы мониторинг топтары екі күн ішінде 35-ке жуық карантиндік шектеудің бұзылғанын анықтады. Тексерушілер түнгі сағат 22.00-ден кейін жұмыс істейтін бірнеше мейрамханалар мен караокеларды тіркеді.
-
Білім басқармасы мектептегі «көрінбейтін» лифтке қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде елордалық мектептегі «көрінбейтін» лифт туралы видео тарады.
-
Mezzo тобы «Новая волна 2021» конкурсының үздік үштігіне енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сочиде жас әншілердің «Новая волна 2021» халықаралық конкурсы өтіп жатыр.
-
Дәрігер күріш жеуге болмайтын ауруларды атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диетолог дәрігер қандай аурулар кезінде күріш жеуге болмайтынын айтты.
-
Елордада үш күн ішінде 44 мекеме карантин режимін бұзды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істей отырып, күн сайын қаланың кәсіпкерлік нысандары арасынан ондаған карантин бұзушыны анықтайды.
-
Қазақстанда жиі ұрланатын көліктер белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ алаңында тікелей эфирде өткен брифингте Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты.
-
«Қызыл» мәртебесі бар қонақтар бастапқыда ашуланатын – дәмхана иесі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Cafe Central мен Roma Caffe кафелерінің директоры Радован Симонович кафелерге келушілер Ashyq қосымшасына қалай қарайтыны туралы айтып берді.
-
Тоқаев Дінішевті «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев халық әртісі Әлібек Дінішевті «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады.
-
Коронавирус. Алматыда 500-ге жуық адам жансақтау бөлімінде жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда эпидахуал жақсармай тұр. Өткен тәулікте қалада 1 615 адамнан вирус анықталған, оның 1541 симптомдық белгімен, 74-і симптомсыз.
-
Жамбыл облысынан кадрлық резервке үміткерлер жасақталып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Шәкір Сұлтанхан айтты.
-
Көлікті ұрлықшылардан қорғаудың жолдары қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ алаңында тікелей эфирде өткен брифингте Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты.
-
Алматыға Ауғанстаннан тағы бір ұшақ келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстаннан БҰҰ қызметкерлері мінген екінші рейс Қазақстанға келді.
-
Алматыда ХҚКО-ға келушілер саны күрт өсті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Азаматтарға арналған үкімет қаладағы ХҚКО алдындағы кезектің не себепті ұлғайғанын түсіндірді.
-
Саран қаласының орталық жылу көзінің құрылысы 2022 жылы аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саранда құрылысы ұзаққа созылған орталық жылу беру нысанының мәселесі шешілді. Жоба 2020 жылы қайта басталды.
-
Автокөлік ұрлығын болдырмау үшін қандай жұмыс жасалып жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ алаңында тікелей эфирде өткен брифингте Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты.
-
Мықты қызметкерлердің қатары сиреп барады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тиімді менеджменттің нәтижесінде мектепте кәсіби ұжым мен оқуға арналған қолайлы орта құрылады. Сондықтан осы мәселеге назар аудару өте маңызды, деп жазды министр Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.
-
Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды – ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ алаңында тікелей эфирде өткен брифингте Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты.
-
Университет ұжымы қоғамдық көліктерде тегін жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада университет ұжымы қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Азамат Батырқожа вице-министр қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жыл басынан бері 90 бала жол-көлік оқиғасынан қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің онлайн брифингінде министрліктің ресми өкілі Нұрділда Ораз мәлімдеді.
-
Қазақстан-қырғыз шекарасында контрабандалық жүк тасығандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұсталған азамат және контрабандалық жүк одан әрі процессуалдық іс-әрекеттер жүргізу үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жөнелтілді.
-
Қазақстанда бір аптада қанша қылмыс жасалғаны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің онлайн брифингінде министрліктің ресми өкілі Нұрділда Ораз мәлімдеді.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Сұлтан Оразалиннің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі жазушы, қоғам қайраткері Сұлтан Оразалиннің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
-
Президент Алматы әкімінің қаланы абаттандыру жөніндегі жобаларымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы жұмыс сапары қаланы абаттандыруға бағытталған жобалармен танысудан басталды.
-
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 23 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» акциясын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық акциясын өткізіп, көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға 45 рюкзак таратты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Қазақстандық жас теннисшілер Өзбекстанда өткен жарыста жеңімпаз атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жас теннисшілер Өзбекстан астанасы Ташкентте ITF Juniors G3 Тсериясы бойынша өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
-
Министрлік азық-түлік тауарларының 32 түрі бойынша мониторинг жүргізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының 32 түрі бойынша өңірлердің қамтамасыз етілуіне апта сайын мониторинг жүргізеді.
-
Алматыға қазақ тілін меңгерген АҚШ-тың жаңа консулы келді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы бас консулы Кэролайн Сэвидж ханымның келгенін хабарлады. Бас консул Сэвидждің консулдық аймағына Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Алматы, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстары кіреді.
-
Қазақстан мен Катар арасындағы сауда көлемі 9 есе өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан-Катар іскерлік кеңесінің отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары туралы баяндады.
-
Жамбыл облысында егілген пияздың 60 пайызы Шу ауданына тиесілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы 22 мың гектар пияз алқабының 13 300 гектары Шу ауданына тиесілі. Қазір алқапта жиын-терін жұмыстары жүргізілуде. Дала жұмыстарымен аудан әкімі Нұржан Календеров арнайы барып танысты.
-
Елімізде 5 млн-нан астам адам екпенің екі дозасын да салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 23 тамыз күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
COVID-19. 518 пациенттің жағдайы өте ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 23 тамыздағы ақпаратты жариялады.
-
Тәлібтер әйелдердің жұмысына тыйым салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талибан Орталық Газни провинциясындағы радиостанцияларда музыка ойнатуға және әйелдерді жұмысқа тартуға тыйым салды, деп хабарлайды Pajhwok.com.
-
«Жасыл» аймақта жалғыз облыс тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 23 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
-
Өткен тәулікте 5 097 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 5 097 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Жарлыққа қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
-
Коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 743 мыңнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 22 тамыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша ПТР арқылы 6 314 адамның коронавируспен ауырғаны расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Наверх