Mezzo тобы «Новая волна 2021» конкурсының үздік үштігіне енді

23 Тамыз 2021, 14:03
1496
Бөлісу:
Mezzo тобы «Новая волна 2021» конкурсының үздік үштігіне енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сочиде жас әншілердің «Новая волна 2021» халықаралық конкурсы өтіп жатыр.

Биыл Қазақстан атынан «Mezzo» тобы қатысуда.

Екі күннің қорытындысы бойынша жас әншілер үшінші орынға тұрақтады.

Олар Болгария мен Армения орындаушыларымен қоса лидерлер үштігіне енді.

Конкурстың алғашқы күні олар Мэрайи Кэридің Without you әнін орындаса, екінші күні Батырхан Шүкеновтің «Дождь» әнін салды.

Конкурс финалында 9 елден барлығы 11 қатысушы басты жүлде үшін бақ таласатын болады.

Өзгелердің жаңалығы