ШҚО үшін Ұлттық ядролық орталық үлкен маңызға ие – Даниал Ахметов

23 Тамыз 2021, 18:22
4277
Бөлісу:
ШҚО үшін Ұлттық ядролық орталық үлкен маңызға ие – Даниал Ахметов
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі бұрынғы Семей сынақ полигонының әскери-өнеркәсіптік кешенінің базасында жұмыс істейтін Курчатов қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығының жұмысымен танысты.

Атап айтқанда, Нұрлан Ноғаев пен Даниал Ахметов «Байкал-1» кешенінің зерттеу реакторларына, сондай-ақ ИГР зерттеу реакторы мен КТМ материалтану токамагының кешендеріне барды.

Нысанға барған делегация мүшелері «Байкал-1» кешенінің ИВГ 1.М реакторын конверсиялау жөніндегі атқарылған ауқымды жобаның нәтижелі жұмысына баға берді. МАГАТЭ талаптарына сәйкес бұл жоба отын байытуды 20% деңгейіне дейін төмендетеді. Жұмыстар сәтті аяқталғаннан кейін мамандар реакторды іске қосуға және пайдалануға тапсырады. Қазір ИГР зерттеу реакторы кешенінде ауыр апаттарды модельдейтін зерттеулер жүргізілуде. 30 жылдан астам уақыт ішінде мұнда перспективалы реакторлардың қауіпсіздігін арттыруға қажет бірегей ақпараттар жинақталған.

Нысандарды аралағаннан кейін ШҚО әкімі ҚР Ұлттық ядролық орталық қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау қажеттігін айтты.

ШҚО үшін Ұлттық ядролық орталық үлкен маңызға ие – Даниал Ахметов

Бейбіт атомды зерттеу еліміз үшін де, ғылым үшін ерекше маңызға ие. Бұдан бөлек, ядролық орталықтың жұмысы біздің аймаққа да оң әсер ететін болады. Сондықтан біз Орталықтың қызметкерлері мен Курчатов қаласының тұрғындары үшін заманауи дене шынықтыру-сауықтыру орталығын және басқа да әлеуметтік-мәдени нысандар салу мәселесін пысықтап жатырмыз, - деді Даниал Ахметов.
ШҚО үшін Ұлттық ядролық орталық үлкен маңызға ие – Даниал Ахметов

Айта кету керек, 29-тамыз күні Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толады. Энергетика министрінің айтуынша, осы күнге дейін полигонның ластанған жерлерінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң қабылдау жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда Ұлттық ядролық орталық мамандары полигон аумағын кешенді радиоэкологиялық зерттеуді аяқтады. Мол ақпарат алынды. Енді экологиялық аймақтың проблемаларын шешу және оның аумағын мемлекет қажеттелігі үшін пайдалану мәселесі бар, - деді Ноғаев.

 


Өзгелердің жаңалығы