Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

23 Тамыз 2021, 10:55
1248
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 23 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай, бұршақ, екпінді жел тұрып, қысқа мерзімді жаңбыр жауады.

Республиканың барлық аймағында температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты болады деп болжануда: батыста түнде 17...22, күндіз 32...39 жылы, солтүстікте түнде 13...18, күндіз 30...35 жылы, орталықта және республиканың шығысында түнде 11...17, күндіз 27...33 жылы, оңтүстікте түнде 15...22, күндіз 32...39 жылы.

Өзгелердің жаңалығы