Гендердік мұқтаждық пен қажеттіліктерді зерттеу бойынша жоба басталды

23 Тамыз 2021, 19:42
1194
Бөлісу:
Гендердік мұқтаждық пен қажеттіліктерді зерттеу бойынша жоба басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жергілікті бірлестіктерді тұрақты дамыту» қоғамдық қоры және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен «Гендердік мұқтаждық пен қажеттіліктер картасы: этностық сипаттың, аймақ пен дәреженің ықпалы» атты әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

Жобаның мақсаты – дәрежелік, этникалық және жас бойынша факторларды есепке ала отырып, әйелдердің гендерлік мұқтаждығын зерттеу.

Аталмыш жоба Қазақстандағы әйелдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеуге, отбасы институтын қолдау, гендерлік теңдікті дамыту жөніндегі бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін жеке, корпоративтік, квазимемлекеттік секторды белсенді тартуға, сондай-ақ елдің қоғамдық-саяси өміріне атсалысатын әйелдердің үлесін арттыру үшін ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Жобадан күтілетін нәтижелер: өңірлер, қалалар мен аудандар бөлінісінде жұмыспен қамту, базалық әлеуметтік қызметтерге, қажеттіліктерді бірлесіп бағалау әдістерін (ББӘ) пайдалана отырып, мемлекеттік қолдаудың түрлі шараларына қол жеткізуде екі тілде гендерлік мұқтаждық пен қажеттіліктерді зерттеудің сарапшылар әзірлеген әдістемесі, талдамалық материал әзірлеу, гендерлік мұқтаждық пен қажеттіліктердің интерактивті картасын әзірлеу, халықты хабардар ету.

Жоба шеңберінде 17 мың әйелді қамтып, 20 сарапшыдан сұхат алып көзделген, аймақтар бойынша 17 үйлестіруші мен фокус-топтардың 45 қатысушысы жұмыс істейді. 


Өзгелердің жаңалығы