Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» акциясын өткізді

23 Тамыз 2021, 10:43
953
Бөлісу:
Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» акциясын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық акциясын өткізіп, көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға 45 рюкзак таратты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін елордалық ҚХА-ның патронатында тұрған 15 отбасының балаларына кеңсе тауарлары мен киімдер бар 45 рюкзак жеткізілді.

Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысады. Бүгін басталған акция бір күн ғана емес, 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Біз көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға балаларды мектепке дайындауға көмектесеміз. Біздің патронатымызда үнемі көмек көрсетіп отыратын отбасыларымыз бар. Бүгінгі таңда біздің еріктілер, этномәдени орталықтар, меценаттар 15 отбасындағы 45 балаға рюкзактар, кеңсе тауарлары мен киім-кешек дайындады. Бұл акция әрдайым 1 қыркүйекте өтеді, Халықаралық балаларды қорғау күнінде осыған ұқсас іс-шаралар өткіземіз, сондай-ақ Алғыс айту күнінде балаларға көмектесеміз, түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырамыз, демеушілік қаражатты отбасыларға береміз. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап біз 43 қайырымдылық акциясын өткіздік, - деді Қалалық ішкі саясат басқармасы бөлімінің бас маманы Галина Кобзева.

Қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен еріктілері қайырымдылық көмек алушылардың үйлеріне мектепке арналған керек-жарақтарды жеткізді.

Мен Қазақстан халқы Ассамблеясына кеңсе тауарларымен көмектескендері үшін алғысымды білдіргім келеді. Баршаңызға зор денсаулық, жұмыстарыңызға жеміс тілеймін. Бізге осындай сыйлық жасағандарыңыз үшін үлкен рахмет, - деді мектеп оқушысы Амаль Ескенеев.
«Мектепке жол» акциясы аясында елордалық ҚХА 80-нен астам балаға көмек көрсетуді жоспарлап отыр.
Мен Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясына «Мектепке жол» акциясы үшін алғыс айтамын. Сыйлықтар, кеңсе тауарлары, рюкзактар үшін рахмет. Сіздерге сәттілік, табыс тілеймін, әрдайым жұмыстарыңыз өзгелерді қуанышқа бөлесін, - деді елорда тұрғыны Гүлман Такинбаева.

Айта кету керек, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы елордада жыл сайын өткізіледі және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасыларға балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектеседі. Оған қатысуға кәсіпкерлер, меценаттар, еңбек ұжымдары мен қала ұйымдары шақырылады.

Өзгелердің жаңалығы