ЕҰУ ғалымдары қола дәуіріне тиесілі ескерткіштер тапты

23 Тамыз 2021, 18:44
2677
Бөлісу:
ЕҰУ ғалымдары қола дәуіріне тиесілі ескерткіштер тапты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары ШҚО-ның Абай ауданына қарасты Тоқтамыс ауылы маңынан осыдан 4 мың жыл бұрын қаланған ескерткіштер тапты. Қазба жұмыстарын жүргізу кезінде топырақ астындағы тас қабырғалардан жылқы мен аңдардың суреттері шыққан.

Отандық ғалымдар көне құрылыстың ішінен табылған адам мен жануарлардың сүйектерін жапондық әріптестерімен зерттей келе, ескерткіш осыдан 3 856 жыл бұрын тұрғызылған деп отыр.

ЕҰУ ғалымдары қола дәуіріне тиесілі ескерткіштер тапты

Тоқтамыс ауылындағы қазба жұмыстар жеті жыл бұрын басталған, соңғы екі жылдан бері зерттеліп келеді. Ерте қола дәуіріне тиесілі бұл ескерткіштердің құрылысына, біздің пайымдауымызша 10 мың тонна тас пайдаланылған,-дейді ЕҰУ археология және этнология кафедрасының меңгерушісі Ұлан Үмітқалиев.

Өзгелердің жаңалығы