ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық Орталығының басшысы тағайындалды

23 Тамыз 2021, 19:58
2348
Бөлісу:
ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық Орталығының басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рүстам Албаев ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық Орталығының «Орталық клиникалық аурухана» АҚ президенті болып тағайындалды, деп хабарлады Басқарманың баспасөз қызметі.

2021 жылдың 23 тамызында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық Орталығы басшысының бұйрығымен Албаев Рустам Қуанышбекұлы «Орталық клиникалық аурухана» АҚ президенті болып тағайындалды.

Рүстам Албаев - Ақмола облысының тумасы. Мәскеудің А. Н. Бакулев атындағы Жүрек-қан тамырлары институтын, сондай-ақ, Ақмола мемлекеттік медициналық академиясын тәмамдаған, Астана қаласы (2001ж.). Медицина ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Ақмола облыстық балалар ауруханасында хирург болып бастады.

Осы жылдар ішінде ол Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық теміржол ауруханасында, Ұлттық ғылыми медициналық орталығы мен ҚР ПІБ Медициналық орталығында еңбек етті.

2017-2020 жылдар аралығында Рүстам Албаев Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы №2 көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған.


Өзгелердің жаңалығы