Автокөлік ұрлығын болдырмау үшін қандай жұмыс жасалып жатыр?

23 Тамыз 2021, 12:19
9462
Бөлісу:
Автокөлік ұрлығын болдырмау үшін қандай жұмыс жасалып жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ алаңында тікелей эфирде өткен брифингте Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты.

Қабылданып жатқан шараларды жетілдіру мақсатында Ішкі істер министрлігі тұрақты негізде бірқатар ұйымдастырушылық және заңнамалық бастаманы іске асырып келеді.

ІІМ-нің бастамасымен Қылмыстық кодекске қылмыстың «қайталап» және «заңсыз кіру» саралау белгілерін ауыр түрлеріне жатқызу бөлігінде түзетулер енгізілді, бұл татуласуға байланысты күдікті адамдардың жауапкершіліктен кету мүмкіндігін болдырмауға және жаза мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар «Ішкі сауда ережелеріне» өзгерістер енгізілді. Мұнда автомобильдердің қосалқы бөлшектерін сатып алу-сату шартын міндетті түрде жасай отырып және осы қосалқы бөлшектерді суретке түсіре отырып, мамандандырылған дүкендерде ғана жүзеге асырылуы тиіс.

Одан бөлек, сатушының айыппұл түріндегі жауапкершілігін көздейтін 204-1-баптағы ӘҚБтК-де жеке норма әзірленді.

Алдын алу бөлігінде ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомстволық бағдарламалардың орындалуы криминогендік жағдайға оң әсер етеді, оның шеңберінде тұрғын үйлердің аулаларында 44 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылды, ал 22 мыңнан астамы тұрғындардың бастамасы бойынша жабдықталған. Бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр, - деп түсіндірді Қанат Нұрмағамбетов.

Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде осы жылы автокөлік ұрлығының 13,3%-ға (249-дан 216-ға дейін), оның ішінде айдап әкету 17,8%-ға төмендегені байқалады (1026-дан 843-ке дейін).

Жыл басынан бері автокөлік ұрлағаны үшін 749 адам ұсталды (автокөлік ұрлағаны үшін – 130, айдап әкеткені үшін - 619), оның ішінде 17 қылмыстық топ (ұрлық үшін – 8, айдап әкеткені үшін - 9).

Өзгелердің жаңалығы