«Талибан» АҚШ әскеріне елден кетуге уақыт берді

23 Тамыз 2021, 23:31
2110
Бөлісу:
«Талибан» АҚШ әскеріне елден кетуге уақыт берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Талибан» қозғалысының өкілі (Жоғарғы сот шешімі бойынша, Қазақстанда тыйым салынған) Сухейл Шахин 31 тамыз АҚШ әскері елден кетіп үлгеруі керек соңғы күн екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл соңғы күн. Президент Байден 31 тамызда барлық әскери күштерді шығаратынын мәлімдеді. Сондықтан, егер олар (елде болу уақытын) ұзартса, елді басып алуды ұзартып жатқанын білдіреді, - деді Шахин Sky TV телеарнасына берген сұхбат. 

Оның айтуынша, егер Америка Құрама Штаттары немесе Ұлыбритания эвакуацияны жалғастыру үшін тағы уақыт сұраса, оның жауабы анық - рұқсат берілмейді. 
 

Әйтпесе, мұның салдары болады. Бұл арамызда сенімсіздік тудырады. Егер олар басып алуды жалғастырса, оның жауабы болады, - деп қосты Шахин. 


Еске салайық, 17 тамызда «Талибан» қозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағын бақылауға алғанын жариялаған болатын. Содырлар үкіметпен Кабулға бейбіт жолмен кіру мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізіп жатқанын және Ауғанстан үкіметі өтпелі кезең аяқталғанға дейін Кабулдың қауіпсіздігі үшін жауап беретінін айтқан.

 

Кейін тәліптер Кабулдағы президент сарайын басып алғаны, ал Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кеткені хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы