Алматыға Ауғанстаннан тағы бір ұшақ келді

23 Тамыз 2021, 12:43
680
Бөлісу:
Алматыға Ауғанстаннан тағы бір ұшақ келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстаннан БҰҰ қызметкерлері мінген екінші рейс Қазақстанға келді. 

Бортта 108 адам бар. Бұл туралы Қазақстандағы БҰҰ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Tengrinews.kz хабарлады.

Кеше БҰҰ қызметкерлері мінген екінші рейс келді. Бортта 108 адам бар. Барлық орналастыру мәліметі бұған дейін баспасөз брифингінде айтылған ақпаратпен бірдей. Олардың Қазақстанға келуіне кеткен барлық шығын БҰҰ есебінен төленеді, - деді БҰҰ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, 18 тамызда UNAMA қызметкерлері бар алғашқы борт Алматы әуежайына қонған болатын. Келген қызметкерлер халықаралық дипломат, БҰҰ паспорты мен иммунитеті иегері.   


Өзгелердің жаңалығы