Тәлібтер әйелдердің жұмысына тыйым салды

23 Тамыз 2021, 08:40
1363
Бөлісу:
Тәлібтер әйелдердің жұмысына тыйым салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Талибан Орталық Газни провинциясындағы радиостанцияларда музыка ойнатуға және әйелдерді жұмысқа тартуға тыйым салды, деп хабарлайды Pajhwok.com.

«Талибан» 12 тамызда Газниге бақылау орнатқаннан кейін бірқатар өзгерістер енгізді.

Бұған дейін «Талибан» содырлары әйелдердің құқықтарын шектемеуге уәде берген болатын.

Алайда Кабулға дейін басып алынған провинциялар бұл уәдені елемеді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, басып алынған аймақтарда әйелдер жұмыстан толығымен босатылды. Әйелдерге сыртқа тек ер адамдармен бірге шығуға және бөлмеден шыққан кезде жабық киім киюге міндеттеліп, қыздарға білім алу шектеулі болды.

Сонымен қатар провинцияның полиция бөлімшелерінің бірінің бастығы Мохаммад Хашем Галджи «Талибан» бөлімшелері аймақтың әкімшілік орталығына кіргеннен кейін бірден жоғалып кетті. Галджидің туыстары әлі күнге дейін ол туралы ешқандай ақпарат алмаған.

Өзгелердің жаңалығы