Қарағандыда алғашқы экоавтобус жолға шықты

23 Тамыз 2021, 19:24
3469
Бөлісу:
Қарағандыда алғашқы экоавтобус жолға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді автобус бір ай бойы жолаушыларды тегін тасымалдайды, деп жазды «Хабар 24». 

Саран қаласындағы зауытта жиналған бұл қоғамдық көлік тек электр қуатымен жүреді, қоршаған ортаны ластамайды.

Автобус жылдамдығы сағатына 70 шақырым, - дейді жүргізуші. 

Сыйымдылығы 30 адамға арналған. Ал толық қуатталған аккумуляторы 280 шақырымға жетеді. Әзірге сынақ түрінде жалғыз көлік жасалған. Егер автопарк тарапынан тапсырыс болса, көп мөлшерде өндіруге кәсіпорын қуаттылығы жеткілікті. Бағасы – 120 миллион теңге. Бұл экологиялық жағынан тиімді болғанымен, жол ақысының өсуіне ықпал етуі мүмкін.

Кондиционер мен пешке тоқ жұмсалмайды, ол бөлек сұйық отынмен жұмыс істейді. Сондықтан аккумулятордың қуаты біразға жетеді екен, - дейді автобус жүргізушісі Амангелді Ахметов.
Өзгелердің жаңалығы