Президент Алматы әкімінің қаланы абаттандыру жөніндегі жобаларымен танысты

23 Тамыз 2021, 11:04
5609
Бөлісу:
Президент Алматы әкімінің қаланы абаттандыру жөніндегі жобаларымен танысты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы жұмыс сапары қаланы абаттандыруға бағытталған жобалармен танысудан басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына қаланың полиорталық моделін қалыптастыруды көздейтін «Жаңа Алматы» бағдарламасы туралы баяндады. Бұл жоба қала тұрғындары үшін өмір сүруге қолайлы жағдай жасап, олардың еркін демалуына жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға бағытталған.

Президент Алматы әкімінің қаланы абаттандыру жөніндегі жобаларымен танысты

Мемлекет басшысы әкімнің есебін тыңдағаннан кейін барлық жобалар қалада қауіпсіз орта қалыптастырып, шаһардағы өсімдіктер қорын сақтап қалуға бағытталуы қажет екенін атап өтті. Президент құрылып жатқан жаңа саябақтар жергілікті тұрғындардың демалысына ыңғайлы болуы керек деп есептейді.

Президент Алматы әкімінің қаланы абаттандыру жөніндегі жобаларымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы қалада жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді. Қала басшысына әр ауданда тұрғындардың демалысы мен еркін жүріп-тұруына қолайлы заманауи алаңқайлар салуға көңіл бөлуді тапсырды.


Өзгелердің жаңалығы