Еліміздің сыртқы нарықта сұранысқа ие тауарлары анықталды

23 Тамыз 2021, 21:17
6120
Бөлісу:
Еліміздің сыртқы нарықта сұранысқа ие тауарлары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтар-мамырда жеңіл өнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі 28,4 млн долларды құрады. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 8,5%-ға жоғары. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ең көп экспортталатын тауарлар:

Мақта-матадан жасалған төсек-орындары (4,1 млн доллар немесе 14,3%);

Жолақтардан, полиэтиленнен немесе полипропиленнен жасалған қалыптардағы өзге де қаптар мен буып-түю пакеттері (3,4 млн доллар немесе 12%);

Құрамында 85% және одан көп мақта бар мақта-мата иірімжібі (2,8 млн доллар немесе 10%);

Құрамында 85% немесе одан көп мақта бар мақта-мата (2,7 млн доллар немесе 9,5%);

Ылғал күйдегі ірі қара мал терісінен жасалған иленген былғары немесе былғары краст (2,4 млн доллары немесе 8,5%).

Өзгелердің жаңалығы