Қазақстанда бір аптада қанша қылмыс жасалғаны айтылды

23 Тамыз 2021, 11:19
6443
Бөлісу:
Қазақстанда бір аптада қанша қылмыс жасалғаны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің онлайн брифингінде министрліктің ресми өкілі Нұрділда Ораз мәлімдеді.

Министрлік өкілі алдымен елдегі криминогенді жағдай туралы баяндап берді.

Бір апта ішінде 3 311 қылмыс жасалды. Оның 2 269-ы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 5 кісі өлтіруді, 10 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 37 тонау және 528 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты, - деп тоқталды Нұрділда Ораз брифингте.

Министрліктің ресми өкілі Мемлекет басшысы, Қазақстан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ Ұлттық ұланы бөлімшелерінің Алматы облысындағы Жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығында өткен «Қайсар-2021» оқу-жаттығу жиынына барғанын айтты.

Еске сала кетейік, өткен аптадағы брифингте бір апта ішінде 3 370 қылмыс жасалғаны айтылған болатын. Мәліметке сәйкес оның 2 341 тәулік ішінде ашылды. ІІМ хабарлауынша, өткен аптада полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 6 кісі өлтіруді, 14 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 3 қарақшылық, 40 тонау және 496 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты.

Өзгелердің жаңалығы