ХҚКО-да кезек күткен халық саны күрт өсті

23 Тамыз 2021, 16:48
5455
Бөлісу:
ХҚКО-да кезек күткен халық саны күрт өсті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап еліміздегі қалалық Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды міндетті брондаусыз қабылдай бастады. Мұның соңы ұзын-сонар кезекке әкеліп соқты.

Бұдан былай құжатыңызды реттеу үшін ХҚКО-на бару үшін электрондық кезекті күтудің қажеті жоқ. «Азаматтарға арналған үкімет» қазір мемлекеттік қызметтің 645 түрі электрондық түрде қолжетімді екендігін алға тартып отыр.

Алайда мына бейнероликтегі адамдар қауіпсіздік мәселесін ұмытқан сыңайлы. Видео авторы карантиндік шектеулерге байланысты ішке тек 5 адамнан ғана кіруге болады дейді.



Ал көшеде кезек күткен халықтың қарасы өте көп. Әлеуметтік қашықтықты да ұмытқан.

Сондықтан қатты қажеттілік болмаса, құжаттарды egov.kz порталы, egov mobile мобильдік электрондық қосымшасы, телеграмдағы @kenes1414bot боты арқылы кез келген жерде отырып-ақ алуға болады. Бұл пандемия жағдайында жеке басыңыздың ғана емес, айналаңыздағылардың қауіпсіздігі үшін де маңызды деп отыр ХҚКО өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы