Елордада үш күн ішінде 44 мекеме карантин режимін бұзды

23 Тамыз 2021, 13:28
9003
Бөлісу:
Елордада үш күн ішінде 44 мекеме карантин режимін бұзды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істей отырып, күн сайын қаланың кәсіпкерлік нысандары арасынан ондаған карантин бұзушыны анықтайды. 

Тек өткен үш күннің ішінде тәртіп бұзушылар тізіміне 44 мекеме кірді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте, 22 тамызда мониторингтік топтар қаланың 5 кәсіпкерлік объектісінде карантин талаптарының сақталмағанын анықтады.

Сонымен Есіл ауданында белгіленген жұмыс режимін «Панаехали» бары мен «Мята» лаундж-бары бұзды.

Сарыарқа ауданындағы тәртіп бұзушылар тізіміне Brio караоке-бары мен «Стамбул» клубы кірді. Сондай-ақ карантиндік шаралар Байқоңыр ауданында орналасқан Mafia караоке-барында ескерілмеді.

Айта кету керек, соңғы үш күнде мониторингтік топтар қаланың 44 кәсіпкерлік объектісінде санитарлық нормалар мен елорданың санитарлық дәрігерінің қаулысының басқа да тармақтарының бұзылғанын анықтады.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған барлық материал әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. COVID-19 вирусының одар әрі таралуына жол бермес үшін қала қонақтары мен тұрғындарына, сондай-ақ кәсіпкерлік объектілеріне барлық санитарлық нормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтау ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы