«Қызыл» мәртебесі бар қонақтар бастапқыда ашуланатын – дәмхана иесі

23 Тамыз 2021, 13:14
8599
Бөлісу:
«Қызыл» мәртебесі бар қонақтар бастапқыда ашуланатын – дәмхана иесі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Cafe Central мен Roma Caffe дәмханаларының директоры Радован Симонович тамақтану орындарына келушілер Ashyq қосымшасына қалай қарайтыны туралы айтып берді. 

Радован Симонович Ashyq жобасы коронавирустың таралуын болдырмаудың ең жақсы құралы екенін, сонымен қатар көптеген кәсіпкерге өз бизнесін сақтауға көмектескенін жеткізді.

Қосымшаның көптеген артықшылығы бар. Біріншіден, бұл бізге, біздің қызметкерлерге және келушілерге қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Екіншіден, бұл бізге жұмыс жасауға мүмкіндік береді, үшіншіден, бізде эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтауға, адамдарды іс жүзінде тексеруге және қаулы аясында жұмыс жасауға мүмкіндік бар, - дейді дәмхана директоры. 

Радован Симонович Cafe Central мен Roma Caffe мегаполистегі Ashyq жобасының алғашқы қатысушыларының бірі болғанын қуана жеткізді. Бұл шешім мамыр-маусым айларында қатаң карантин кезінде жұмысын жалғастыруға көмектескен. Оның үстіне келушілердің төмендеуі сезілмепті.

Иә, бастапқыда қонақтар әртүрлі қабылдады. Жобамен жұмыс барысында біз «сары» мәртебесі бар адамдарды үш рет және бір рет «қызыл» мәртебесі бар адамдарды анықтадық. Мұндай жағдайларда біз оларға қызмет көрсете алмайтынымызды түсіндірдік. Өйткені біз бірінші кезекте қызмет көрсету саласына жатамыз. Қосымша бізге өз бизнесімізді сақтауға көмектесті және вирус жұқтырғандарды анықтаудың ең жақсы құралы болып табылады, - дейді ол. 

Оның айтуынша, екі кафеде 61 адам жұмыс істейді және олардың 89%-ы вакцина алған. Қалғандары медициналық себептерге байланысты немесе 18 жасқа толмағандықтан вакцина алмаған.

Біз қаланың жоғары оқу орындарымен жұмыс істейміз, сондықтан бізде әлі 18 жасқа толмаған студенттер бар. Қалған қызметкерлердің барлығы ыңғайлы болғандықтан, «Достық Плаза» СОСО-ның екпе пунктінде вакцина алды, - деді Симонович. 

Дәмхана басшысы вакцинаны сәуірде алғанын айтады және өзін сенімді сезінеді, себебі вакцина аурудың ауыр түрінен қорғайды деп сенеді.

Менің ойымша, жеке тәртіп, жауапкершілік және денсаулықты нығайту – әркімнің жеке ісі. Әр адам вакцинациядан өтуі керек, әркім өз денсаулығы туралы ойлануы керек деп ойлаймын. Бәріміз жақындарымыздың денсаулығына мүмкіндігінше қамқорлық жасауымыз керек. Вакциналарға сену керек, көңілді болу керек, позитивті болу керек. Жақында бәрі өтеді, - дейді дәмхана басшысы. 

Алматыда Ashyq жобасының 8 306 қатысушы бар, ал ерікті қатысушылар – 11 812 нысан. Ashyq жобасының көшбасшыларының саны - 281.

28 сәуір мен 15 тамыз аралығында Алматы қаласында «қызыл» мәртебесі бар 387 жеке тұлғаға оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.
 

Өзгелердің жаңалығы