Все новости за 15 тамыз 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ауа райы: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің синоптиктері 16 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынып, Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады.
-
Тұрсынбек Қабатов дауға қалды: қызының орнына ҰБТ-ға бөтен біреу кірген бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі әзілкештің қызының орнына ҰБТ тестін бөтен біреу тапсырған. Бұл жайында заңгер Абзал Құспан Facebook әлеуметтік желісінде жазды.
-
Павлодарда тергеу изоляторына телефонды тортқа салып өткізбек болыпты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында ер адам тергеу изоляторына ұялы телефонды тортқа салып өткізбек болған деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Ертең елімізде Ауғанстандағы жағдай бойынша сараптамалық талқылау өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңестің (КАСМО) қамқорлығымен Ауғанстандағы жағдай бойынша сараптамалық талқылау өтеді.
-
Қазақстан құрамасы грэпплинг бойынша 62 медаль жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грэпплингтен Қазақстан құрамасы юниорлар арасында спорттық күрес бойынша Ресейде өткен Әлем чемпионатынан 62 медаль жеңіп алды деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Жамбыл облысында 2700-ден астам спорт нысаны тұрғындарға қолжетімді
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы бұқаралық спорт саласы тұрақты ілгерілеу үстінде. Айталық, қазіргі таңда өңірде дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 382 мың адамға жуықтапты.
-
Димаштың бауырларымен түскен суреті көпшілікті сүйсінтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген instagram-парақшасына бауырларымен түскен суретін жүктеп, жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді.
-
ШҚО-да 86 жастағы қария коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының 86 жастағы тұрғыны Асқар Иманшартов COVID-19-ға қарсы вакцина алды. Қария өз қалауымен жергілікті емханаға барып, екпе салдырған екен.
-
Алматыдан 864 шақырым қашықта жер сілкінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдан 864 шақырым қашықта жер сілкінді.
-
Тәліптер «Ауған жапырағын» дірілдете бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауғанстандағы жағдайдың ушығуы бүгін бүкіл әлем назарын өзіне аударып отыр. 40 жылдан бері жалғасып келе жатқан қырғын тіпті шиеленісе түскен тәрізді. АҚШ әскері ауған елінен шығарылады дегеннен бастап «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым – ред.) әскері шабуылды күшейтті. Адам жаны суша сорғалаған азаматтық соғыс Қазнетте де қызу талқылануда. Солардың біразына шолу жасаған едік.
-
БАҚ: Ауғанстан президенті отставкаға кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өтпелі үкіметтің басшысы елдің ІІМ бұрынғы бастығы Али Ахмад Жалали болды, деп хабарлайды Sputnik Ауғанстан.
-
Сметов: Егер үлкен спортта қалатын болсам, 66 келіге ауысамын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі, Рио және Токио Олимпиадаларының жүлдегері Елдос Сметов үлкен спорттағы жоспарларымен бөлісті. Атап айтар болсақ, дзюдошы спорттық мансабын жалғастыру мәселесіне жауап берді деп жазады Olympic.kz.
-
Атырауда 315 спорт секциясы ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда балаларды спортқа тарту үшін қосымша 315 секция ашу көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
-
Елена Рыбакина Монреальдағы ірі турнирдің жартылай финалында ұтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласындағы ірі турнирдің финалына шыға алмады деп жазады Olympic.kz.
-
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісі Алматыда бұгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 12:52-де жер сілкінісі тіркелгендігін хабарлады.
-
Талибан Кабулға басып кірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанның Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, тәліптер ел астанасын барлық жағынан қоршауға алған, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Ресейлік Олимпиада чемпионы маңғыстаулықтарға алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Токио Олимпиадасының чемпионы Альберт Батырғазиев аймақ басшысы құттықтау жолдады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
-
Қазақстан ауғанстандық босқындарды қабылдай ма? – СІМ жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде кеше АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ҚР Сыртқы істер министрі Тілеуберді Мұхтармен телефонмен әңгімелесу барысында Ауғанстаннан келетін босқындарды паналату процесін талқылады деген ақпарат тараған еді.
-
Семейде қыз өртеніп жатқан үйдің 9-қабатынан секіріп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде Шәкәрім көшесіндегі көпқабатты үйдің 9-қабатындағы пәтердің балконында өрт болған, деп жазады Устинка LIVE.
-
Қытайда 18 жасқа дейінгі балаларға екпе салып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай 18 жасқа дейінгі балаларды белсенді вакцинациялап жатыр.
-
5 сағаттық ойын-сауықтың соңы ажалға апарады – Ақмола облысының санитар дәрігері той туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина карантин шаралары мен жалған вакцина паспорттарын жасату және өңір реанимациялық төсек-орындардың толуы бойынша төртінші орында тұрғаны туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, дабыл қақты.
-
Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша жиын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдай бойынша күштік құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді.
-
Райымқұлова барша қазақстандықты Спорт күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Facebook-тегі парақшасында қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының спорт күні мерекесімен құттықтады.
-
Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатына қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17-30 тамыз аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде бокстан жаcтар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
ШҚО-да туристер мінген автобус батпаққа батып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Туристер Қоңыр Әулие үңгіріне жол тартып бара жатқан, деп хабарлады altaynews.
-
«Йота» штамы соншалықты қауіпті ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СOVID-19-дың «йота» штамы таралып, әлемді тағы да әбігерге салып жатқаны белгілі. Алғаш рет АҚШ-та анықталған бұл штамнан таралатын инфекция өлім-жітім деңгейін тағы да көбейтуі мүмкін деп отыр ғалымдар.
-
АҚШ-та туристік автобус апатқа ұшырап, 60-қа жуық адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Нью-Йорк штатында жолаушылар мінген автобус апатқа ұшырап, 57 адам зардап шекті.
-
Спорт күніне орай Елбасының сирек фотосуреті жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорт күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев теннис ойыны кезінде түскен мұрағаттық фотосуретін жариялады.
-
50 акуланың ортасында қалған спортшы қалай аман қалғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британияда жүзгіш 50 акуланың ортасында қалып, аман қалған.
-
Отандық теннисші Чехиядағы турнирдің финалына жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Прагадағы АТР тунирінің финалына шықты, деп жазды Olympic.kz.
-
Африка мемлекетінде Эбола вирусы тарап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Африканың батысында орналасқан Кот-Д'Ивуар республикасында Эбола қызбасын жұқтыру дерегі тіркелді.
-
«Барселона» Мессиге 39 млн еуро қарыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Барселона» «Пари Сен-Жермен» футбол клубына шабуылшы болып ауысқан Лионель Мессиге қарыз көрінеді.
-
Гаитиде жойқын жер сілкінісі болып, 300-ден астам адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гаитиде 7,2 балдық қуатты жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 304 адамға өсіп, тағы 2 мыңға жуық адам зардап шекті.
-
Бүгін елімізде Спорт күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – тамыз айының үшінші жексенбісі елімізде Спорт күні.
-
Түркияда су тасқынынан қаза болғандар саны 60-қа жуықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның солтүстік провинцияларында нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан көз жұмғандар саны 58 адамға жетті.
-
Ұлыбритания өз елшісін Ауғанстаннан шұғыл түрде эвакуацияламақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Талибан» радикалды қозғалысының жауынгерлері Кабулға қарай бет алуына байланысты Ауғанстандағы Ұлыбритания елшісі Лори Бристоу шұғыл түрде дүйсенбі күні кешке елден эвакуацияланады.
-
COVID-19: Еліміздің бүгінгі эпидахуалы қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 152 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 152 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
-
Өткен тәулікте 6420 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 6420 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте 7427 адам коронавирус жұқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 7427 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Үстел теннисінен Қазақстан командасы Алматы облысында жаттығу жиынын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық коандасы Алматыдағы «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында жаттығу жиынын өткізді. Жиынға жастар мен жасөспірімдер де қатысты, деп жазады Olympic.kz.
-
Коронавирус: Сидней тұрғындарына қаладан арнайы рұқсатсыз шығуға тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияның Сидней тұрғындарына коронавирустың таралуына байланысты қаладан арнайы рұқсатсыз шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды 9News.
-
Шәйнек ішінен тыйым салынған зат табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға кеше Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде орын алған. Ерекше режимдегі мекеменің қатаң ережесін бұзған азаматша сәлем-сауқат арқылы жымысқы ойын жүзеге асырмақ болған. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алтайда көлік апаты орын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтай ауданындағы айналма тасжолдардың бірінде көлік апаты болды, деп хабарлайды ШҚО ТЖД.
-
Шымкентте жолды ластаған 28 ауыр жүк көлігіне айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету және қала аумағының тазалығын сақтау мақсатында «Шымкент – таза қала» профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп жазды otyrar.kz.
-
Еліміздің Шығысында шектеу шаралары тамыздың соңына дейін ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыста шектеу шаралары тамыздың аяғына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Алтайньюс.
-
Нұр-Сұлтанда Сарыбұлақ өзенінде сенбілік өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының ұйытқы болуымен жалпы саны 67 адам Сарыбұлақ өзенінің арнасын, су бетін және жағалау бөлігін тазарту бойынша экологиялық сенбілік өткізді. Тазалау жұмыстары жүргізілген аумақ 4,4 км құрады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Ер адам шымкенттіктің ұялы телефонын қоңырау шалуға сұрап, ұрлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ер адам шымкенттіктің ұялы телефонын қоңырау шалуға сұрап, ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Павлодарда шөп шабу жұмыстарына 4 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жиын-терім жұмыстарына барлығы 21 мың тонна дизельді отын қарастырылды. Қазіргі кезде шаруалар жоспарлы көлемнің жартысынан астамын жинап үлгерді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Наверх