Гаитиде жойқын жер сілкінісі болып, 300-ден астам адам көз жұмды

15 Тамыз 2021, 10:40
5294
Бөлісу:
Гаитиде жойқын жер сілкінісі болып, 300-ден астам адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гаитиде 7,2 балдық қуатты жер сілкінісі салдарынан қаза болғандар саны 304 адамға өсіп, тағы 2 мыңға жуық адам зардап шекті.

Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар ғимараттардың қирандыларының арасынан тірі қалғандар мен құрбандарды іздеуді жалғастыруда. 

Еске салсақ, 14 тамызда Гаитидің батысында магнитудасы - 7,2-ге тең қуатты жер сілкінісі болды. 

Америкалық сейсмологтардың айтуынша, жерасты дүмпуі 10 км тереңдікте. 

Жер сілкінісінің ошағы елдің астанасы Порт-о-Пренс қаласынан 125 км қашықтықта орналасқан. 

Зілзала ауқымы мен қаза тапқандардың нақты саны әзірге белгісіз. 

Гаитидегі бұл зілзала 2010 жылғы 250-300 мың адамның өмірін қиып кеткен жойқын жер сілкінісінен небәрі 75 шақырым қашықтықта болды.


Өзгелердің жаңалығы