Ер адам шымкенттіктің ұялы телефонын қоңырау шалуға сұрап, ұрлап кетті

15 Тамыз 2021, 01:46
3347
Бөлісу:
Ер адам шымкенттіктің ұялы телефонын қоңырау шалуға сұрап, ұрлап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ер адам шымкенттіктің ұялы телефонын қоңырау шалуға сұрап, ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 13 тамызында Шымкент қаласы полиция департаменті Еңбекші ауданы полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды.

Ол өз арызында 2021 жылдың 22 шілдесінде сағат 14-00-де Шымкент қаласы «Атлант» сауда үйінің алдында белгісіз тұлға қоңырау шалуға ұялы телефонын сұрап, ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.

Шымкент қаласы полиция департаментінің Еңбекші ауданы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторларымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 22 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, басқармаға жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы