Димаштың бауырларымен түскен суреті көпшілікті сүйсінтті

15 Тамыз 2021, 19:53
3234
Бөлісу:
Димаштың бауырларымен түскен суреті көпшілікті сүйсінтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген instagram-парақшасына бауырларымен түскен суретін жүктеп, жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді.

Әншімен бірге інісі Әбілмансұр және қарындасы Раушан тұр. Димаш бұл суретке «Көкесінің алтындары» деп сипаттама берген.

Желі қолданушылар «Неткен сұлусыңдар!», «Міне, тек деп осыны айт! Бәрі сұлу!», «Өте сұлу отбасы. Сіздерге береке мен табыс тілеймін!», «Өте сұлу әрі талантты балалар» деген секілді жылы лебіздерін жарыса жазып жатыр.


Өзгелердің жаңалығы