Ресейлік Олимпиада чемпионы маңғыстаулықтарға алғыс айтты

15 Тамыз 2021, 15:47
3131
Бөлісу:
Ресейлік Олимпиада чемпионы маңғыстаулықтарға алғыс айтты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Токио Олимпиадасының чемпионы Альберт Батырғазиев аймақ басшысы құттықтау жолдады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ресейлік боксшы Альберт Батырғазиевтің ата-анасы 90-жылдары Жаңаөзенде тұрған. Олардың тұңғыш балалары қазақ жерінде дүниеге келген. Болашақ чемпионның өзі 1998 жылы 23 маусымда Дағыстанның Геметюбе ауылында дүниеге келген.

Облыс әкімі Серікбай Трұмов Маңғыстау жұртшылығы атынан оларға құттықтау жолдаған.



Бокста алтын алған ресейлік спортшы күн сайын кездесулерге, жоғары деңгейдегі қабылдауларға қатысады. Үлкен жұмыс жүктемесіне қарамастан, ол маңғыстаулықтарға жылы құттықтаулары үшін алғысын білдірді.



Бұған дейін желіде Альберт Батырғазиев барлық қазақстандықтарға сәлем жолдаған, өзінің отбасы туралы айтқан видео пайда болған болатын.


Өзгелердің жаңалығы