Үстел теннисінен Қазақстан командасы Алматы облысында жаттығу жиынын өткізді

15 Тамыз 2021, 07:40
972
Бөлісу:
Үстел теннисінен Қазақстан командасы Алматы облысында жаттығу жиынын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық коандасы Алматыдағы «Ақбұлақ»  олимпиадалық орталығында жаттығу жиынын өткізді. Жиынға жастар мен жасөспірімдер де қатысты, деп жазады Olympic.kz. 

Жаттығу жиынында көп нәрсеге мән бердік. Күніне жеті сағат бойы дамылсыз дайындалдық. Негізінен аяқтың жұмысына басымдық түсірдік. Доппты ойынға қосу және қабылдау техникасын жетілдірдік. Барығын психологиялық жағынан да қарастырдық. 
Жиында спортшылар қатты шаршады. Жалпы физикалық дайындықты сапалы түрде орындағандықтан, бұған таң қалудың қажеті жоқ. Теннисшілер шаршағанына қарамастан, жиынды жақсы деңгейде аяқтады. Олардың екі апталық көрсеткішіне жоғары баға беруге болады, - деді кеңесші-бапкер Дмитрий Левенко. 

Өзгелердің жаңалығы