БАҚ: Ауғанстан президенті отставкаға кетті

15 Тамыз 2021, 17:47
2813
Бөлісу:
БАҚ: Ауғанстан президенті отставкаға кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өтпелі үкіметтің басшысы елдің ІІМ бұрынғы бастығы Али Ахмад Жалали болды, деп хабарлайды Sputnik Ауғанстан.

Басылым жергілікті ақпарат көздерінен алынған ақпарат әлі расталмаған деп мәлімдейді.

Сондай-ақ Гани елден кедергісіз кетуі үшін ұшақ дайындалды деген хабарлар бар.

Бұған дейін Талибан делегациясы Үкіметпен келіссөздер жүргізу үшін Кабулдағы президент сарайына келгені белгілі болды, жиынға АҚШ пен НАТО өкілдері де қатысқан.

Естеріңізге сала кетейік, Талибан Кабулға басып кіргендігі туралы жазған едік.
Өзгелердің жаңалығы